Алматыда өтетін Конгрессте 12 елдің жетекші тіс дәрігерлері ауруларды емдеу, диагностикалау және алдын алудың жаңа тәсілдерін талқылайды
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті 2024 жылдың 24 мамырында Алматы қаласында Стоматология факультетінің 65 жылдығына және Қазақстан Республикасы стоматологтарының алғашқы түлектерінің 60 жылдығына арналған «XXI ғасыр стоматологиясы: дәстүрлері, жетістіктері және келешегі» конгрессін өткізеді.
Конгресс стоматология саласындағы ақпарат, тәжірибе және зерттеу нәтижелерімен алмасу үшін академиялық қауымдастықтар, зерттеушілер мен ғалымдарды біріктіруге бағытталған.
Спикерлер заманауи технологияларға, атап айтқанда, ең айқын эстетикалық әсерді, оң, ұзақ мерзімді нәтиженің жоғары ықтималдылығын және ең аз қателіктерді көздейтін цифрлық стоматологияның мүмкіндіктеріне ерекше назар аударады. Стоматологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудегі жаңа технологиялар бұрын жабылған мүмкіндіктерге жол ашады, осылайша ыңғайсыздықсыз жоғары сапалы емдеуді қамтамасыз етеді.
Тіс имплантациясы бойынша бірқатар баяндамалар, қысқа мерзімде сәтті оссеоинтеграция үшін модификацияланған импланттарды зерттеу нәтижелері ұсынылады. С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ қызметкерлері ауыз құрғақтығын (ксеростомия) алмастыратын терапияның нәтижелерімен, стоматологиядағы және жақ-бет хирургиясындағы регенеративті медицинаның жасушалық технологияларымен, асқынған кариестерді емдеудің дербестендірілген тәсілдерімен таныстырады.
Балалар стоматологиясында стоматологиялық аурулардың алдын алуға және уақытша тістердегі кариесті аз инвазивті емдеуге баса назар аударылады. Психикалық ауытқулары бар балалардың тіс саулығын нығайту әдістері ұсынылатын болады.
ҚазҰМУ Стоматология мектебі – отандық және шетелдік ғалымдарды кеңінен тарту және ғылыми әлеуетті ұдайы кеңейту арқылы құзыреттілікке бағытталған тәсіл негізінде жоғары білікті стоматология мамандары даярланатын инновациялық кластер.
Қазақстанда алғашқы стоматология факультеті 1959 жылы ашылып, алғашқы 100 студент қабылданды. Стоматология мектебі еліміздің денсаулық сақтау мен білім беру саласына елеулі үлес қосқан 9 мың жоғары білікті мамандарды дайындап, өз қалыптасуы мен дамуында үлкен жолды артқа қалдырды. Түлектердің арасында ғалымдар, жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары, табысты бизнесмендер, өз клиникаларын ашқандар бар. Студенттерге 14 медицина ғылымының докторы, 20 кандидат, 30 магистр дәріс береді. Қазақстанның барлық аймақтарынан және 18 елден 1651 студент үш тілде – қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде элиталық медициналық білім алады.
Өтетін орны мен уақыты: 9:00-18:00, 24-25 мамыр 2024 жыл
Конкордия театры С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Бөгенбай батыр көшесі 151