Алматыда 1300 полиция қызметкері мен құтқарушы алғашқы медициналық көмек көрсету әдісін үйренді
Алматыда полиция және өрт сөндіру қызметкерлеріне алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша тегін оқыту басталады. «Алтын сағат» алғашқы медициналық көмек мектебі» деп аталатын курстың мақсаты – қиын жағдайларда алғашқы болып көмекке келушілердің дайындығын жетілдіру.
Медицинада «Алтын сағат» ережесі бар. Ол -қандай да бір оқиға болған кезде 1 сағаттың ішінде зардап шегушіге көмек көрсету мүмкіндігі. Алғашқы көмек көрсету курсына 1300 полиция қызметкері мен құтқарушы қатысуда.
Светлана СҰЛТАНҒАЗИЕВА, С.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ:
Былтырғы жылы біздің Алматы қаласында ғана өте көп әртүрлі ДТП болған. 1900-ден аса адам әртүрлі жарақат алған. Сондай кездерде не істеу керек дәрігерлік көмек келгенше не істеу керек, соның бәрін үйретіп шығамыз.
28 жастағы Ерсін КҮЗЕМБАЙ 4 жылдан бері құтқарушы қызметін атқарып келеді. Осыған дейін 200-ден аса өрт оқиғасына қатысқан. Ол құтқарушылар үшін алғашқы медициналық көмек көрсетуді білу ауадай қажет екенін айтады.
Ерсін КҮЗЕМБАЙ, №8 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
Жаңа медицина қызметкерлері айтып жатыр, бірінші сағат алтын сағат деп. Сол сағатты, минутты даже дұрыс пайдалануға сондай не алып жатырмыз. Бүгін қазіргі жаңағы ашық қол жарақаты, аяқ жарақаты, газ түтінінен уланған жағдайдағы адамға алғашқы дем жаттығуын көрсету және де сынған аяқ, сынған қол жағдайында қандай неде орау керек сол жайында мағлұмат алдық.
Жас маман Александр медициналық алғашқы көмек көрсетуді тек төтенше жағдай қызметкерлері емес, әрбір азамат білуі тиіс деп есептейді.