Алматыда 18 жасқа толмаған студенттер вакцина паспортын ала бастады
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметіне Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жастар саясаты басқармасының басшысы Елнұр Асқаров хабарлады.
12 жастан асқан жасөспірімдерге «Комирнати» Pfizer препаратымен егу науқаны басталды. Е.Асқаровтың айтуынша, бүгінде Алматының 12-17 жастағы 1700-ге жуық жасөспірімі вакцинаның бірінші компонентін алды және екінші екпені алғаннан кейін вакциналанудың электрондық паспортын eGov-mobile мобильдік қосымшасынан шығарып алуына болады.
Медицина университетінің Жастар саясаты басқармасының басшысы студенттердің ішінде 1 599 кәмелетке толмаған жасөспірімдер бар екенін атап өтті. Олардың барлығы ұжымдық иммунитетті нығайту үшін вакцинациялауға дайын. Сонымен қатар, ЖОО-ның оқытушылар құрамының 100% вакциналанды.
– Бізде АМСК клиникасы бар. Кеше біз 18 жасқа толмаған вакциналанбаған студенттердің тізімін, ата-аналардың рұқсаттарын жинадық және екпе жасай бастадық, – деді Е.Асқаров.
Дәрігер ретінде ол ғылыми зерттеулерді қадағалайды және ковидтің барлық жастағы адамдардың денсаулығына ғана емес, есте сақтау қабілетіне де әсер ететіндігі туралы ақпаратқа ие. Біздің жастарымыз ауырмау, зияткерлік әлеуетін жоғалтпау құқығын пайдалануы тиіс.
ҚазҰМУ өкілі өзі «Спутник V» препаратымен алғашқы алматылықтардың қатарында вакциналанғанын, екпені ауыстыру ұсыныстарын ескере отырып, ревакцинациядан өтуді жоспарлап отырғанын айтты.
https://kaz.zakon.kz/5091344-18-zhas-a-tolma-an-almatyly-tar.html