Алматылық студент адам өмірін құтқаратын білезік ойлап тапты
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің 6 курс интернатура студенті Аружан Қалиханова деменция, аутизм, альцгеймер синдромы, даун, шизофрения, эпилепсия, қант диабеті және созылмалы аурулары бар адамдарға арналған ерекше білезік ойлап тапаты. Жоба жүзеге асатын болса, оның бағасы да қолжетімді болмақ, деп хабарлайды Kazinform.
Аружан Қалиханованың айтуынша, мұндай идея оған 2 курста оқып жүрген кезде келген. Оған көшеде талып қалған адам себеп болған.
«Далада бір адам есінен танып, құлап қалды. Көшеде кетіп бара жатқандар бірден қоршап алды. Мен де жүгіріп бардым. Бірақ ол кісіге не болғанын, қалай көмектесу керектігін ешқайсымыз білмедік. Қолымыздан тек жедел жәрдем шақыруға ғана келді. Сол кезде бір белгі беретін аксессуар болғанда ғой деп ойладым. Содан адам өмірін құтқаратын білезік жасадым. Яғни, ол бірінші медициналық көмекті тез көрсетуге арналған білезік. Егер қоғамдық орында, көшеде науқас адамның жағдайы нашарлап кететін болса, онда кездейсоқ өтіп бара жатқандар білезікке енгізілген ақпаратты оқып, көмектесе алады», – дейді ол.
https://kaz.inform.kz/news/almatilik-student-adam-omrn-kutkaratin-blezk-oylap-tapti-faa725/