Алматы дәрігерлері құлақсыз туған балаларға операция жасамақ
Қазақстанда осы патологиямен туған 600-ден астам бала бар
Алматыда С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дің бет-жақ хирургі Нариман Сатылғанов құлақсыз туған балаларға қабырға етінен құлақ қалқанын жасап бермек, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Бұл операция туа біткен микротиясы бар балаларға көмектеспек. Микротия – құлақ қалқанының дамымай қалуы немесе мүлде болмауы 8000-10 000 баланың арасында 1 балада кездеседі.
Маман атап өткендей, бұл – Қазақстанда өте кең таралған патология.
«Қазақстанда осы диагнозбен туған балалар өте көп. Бірақ оларға ешқандай көмек көрсетілмейді. Мен олардың құлағына реконструкциялық ота жасаймын. Құлақ қалқанын баланың өз қабырға етінен жасап беремін. Ота 6 сағатқа созылады. Ондай оталар Америкада 100 мың доллар, Еуропада – 60-70 мың доллар тұрады. Бізде қажетті лицензиялар, бәрі бар. Біздегі ота құны 14 мың АҚШ доллары болады», — дейді дәрігер.
Қазір микротия және атрезиясы бар балалар шетелде емделуге мәжбүр. 2018 жылғы деректер бойынша Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің шетелде емделу жөніндегі комиссиясының тізімінде 66 бала болған.
2016-2018 жылдар аралығында 15 балаға ота жасалған. Қазақстанда осы патологиямен туған 600-ден астам бала бар.
Толығырақ: https://azattyq-ruhy.kz/news/13417-almaty-d-rigerleri-ku-laksyz-tugan-balalarga-operatsiia-zhasamak