Алматы және Маңғыстау облысының жергілікті бюджет (акимат гранты) қаражаты есебінен одан әрі оқу үшін жергілікті атқарушы органдардың грантына ақылы негізден ауысуға арналған конкурс
«С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ-да ақылы негізде білім алушылары жоғары білім алу процесінде босаған Алматы және Маңғыстау облысының ЖАО бос білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға тілек білдірушілерге 2022 жылғы 18 қаңтардан бастап 2022 жылғы 21 қаңтарды қоса алғанда білім беру гранты бойынша одан әрі оқуға өтініш беруі қажет.
– ЖОО басшысының атына өтініш жазу және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тіркеу (сканерленген құжаттарды декан орынбасарының электронды почтасына жіберу және құжаттардың түпнұсқасын деканатқа өткізу қажет);
Көрсетілген күннен кейін құжаттар қабылданбайтынына назар аударыңыз.
АСА МАҢЫЗДЫ: ҚР Заңнамаларына сәйкес білім алушылар университетті бітіргеннен кейін аталған жергілікті бюджет грант есебінен білім алғандықтан нақты сол өңірде жұмысқа орналасуға және жұмыс өтелуін өтеуге міндетті.
ЖАО білім беру гранты иегерімен «ЖАО-студент-ЖОО» үш жақты шарт жасалады.
Қосымша 1
Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарының бос білім гранттарының саны
С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де ЕП және курстар аясында
2022 жылғы 17 қаңтардағы жағдай бойынша
№ |
Мамандығы |
Оқу дәрежесі |
Оқу курсы |
Гранттар саны |
|
B086 – Жалпы медицина |
бакалавриат |
1 |
1 |
|
В086- Жалпы медицина |
бакалавриат |
3 |
1 |
Барлығы: |
2 |
Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарының бос білім гранттарының саны
С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де ЕП және курстар аясында
|
B086 – Жалпы медицина |
бакалавриат |
2 |
1 |
Барлығы: |
1 |