Алматы қаласының полиция департаментінің қызметкерлері Қазақ ұлттық медицина университетінің шетелдік студенттерімен профилактикалық сұхбат өткізді
Concordia студенттік театрында Қазақ ұлттық медицина университетінің шетелдік студенттерінің Алматы полиция департаментінің өкілдерімен кездесуі өтті. Басты мақсат – шетел азаматтары тарапынан орын алатын кез келген құқық бұзушылықтың алдын алу туралы ақпараттық-түсіндіру. Тәртіп сақшылары атап өткендей, Алматыдағы жоғары оқу орындарында бірнеше мың шетел студенттері білім алуда, олардың барлығы бірдей Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын білмейді. Дегенмен, заңнаманы білмеу оларды жауапкершіліктен босатпайды. Шетелдіктер тарапынан кез келген құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында полиция департаментінің өкілдері ҚазҰМУ-дың шетелдік студенттерімен профилактикалық әңгіме жүргізіп, студенттер тарапынан жиі бұзылатын кейбір құқықтық нормаларды түсіндірді, сонымен қатар студенттердің сұрақтарына жауап берді.