Алматы қаласы жоғары оқу орындарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы хартиясына қол қойылды
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУбасшылығы мен студенттері 2017 жылдың 31 мамыры күні «Тұран» Университетінде «Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының қауымдастығы» ЗТБ және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті бірігіп жоғары оқу орындарымен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, академиялық адалдық қағидалары мен жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті алға бастыру мақсатында «Алматы қаласы жоғары оқу орындарының сыбайлас жетқорлыққа қарсы хартиясына» қол қою рәсіміне қатысты.
Аталған іс-шараға Жоғары оқу орындары Ассоциациясының президенті Рахман Алшанов, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Айгүл Бейбітбайқызы Байханова және Алматы қаласының 38 Жоғары оқу орындарының басшылары, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дан тәрбие жұмысы, әлеуметтік сұрақтар және халықаралық қарым-қатынастар жөніндегі проректор Р. Джумашева, студенттермен жұмыс жөніндегі басқарма қызметкерлері және студенттер қатысты.
Хартияға қол қоя отырып, оқу орындары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы міндеттемелерді қабылдайды,бұл академиялық ортада сыбайлас жемқорлықты қабылдамау қағидаларын бекітуге бағытталған. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті таныта отыра,әрбір ЖОО білім беру үдерісі міндеттерінің орындалуына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының жүзеге асырылуына өз үлестерін қосады.
Алматы қаласы жоғары оқу орындарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы хартиясы