«Алғыс айту асыл қасиет»
Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі. Осы жалпы халықтық мереке қарсаңында химия кафедрасының доценттері Балпанова Д.Т. және Сарова Н.Б «Алғыс айту асыл қасиет» тақырыбында ФӨТ 22-045р, 22-0046р, 22-008к топтарының студенттерімен кураторлық сағат өткізді.
Кураторлық сағаттың басты мақсатының бірі – өскелең ұрпақты достық, бір-біріне деген құрмет пен толеранттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, өзара келісім болғанда кемел болашақтыңда болатынын ұғындыру. Қазақстанда этникаралық келісім мен ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту.
Адам айналасымен бақытты, жалғыз адам ешқашан бақытты бола алмайды. Отбасы мүшелерінен бастап қоғамдық ортадағы көптеген адамдармен түрліше деңгейде қарым – қатынаста боламыз. Ешбір адамның оқшау өмір сүруі мүмкін емес, олай болса адамдармен дұрыс қарым – қатынаста болуымыз керек. Әдетте айналамызда жүрген адамдардың көп жақсылығын ескермей, бір ағаттығы үшін салқын мінез көрсетіп жатамыз. Ал алғыс айту күні сол ағаттықтардың орнын толтыратын, өзара түсіністікке қол жеткізетін, тамаша мүмкіндік күні.