Алғыс айту күні құтты болсын!
Құрметті Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің студенттері, оқытушылары және қызметкерлері!
Бірлік, татулық пен өзара түсіністікке деген ортақ ұмтылыстарымызды айшықтайтын мереке – Алғыс айту күні құтты болсын. Бұл күн еліміздің бай тарихын, түрлі халықтар мен мәдениет өкілдері арасындағы достық пен мызғымас ынтымақтастықты сақтай отырып, бірге көптеген сынақтарды еңсергенімізді еске салады.
Бұл мереке университетіміз үшін ерекше мәнге ие. Қазақ ұлттық медицина университетінде 45 ұлттың 16 мыңға жуық студенті білім алады. Олардың ішінде 36 елден келген 2944 шетелдік студент бар. Бұл біздің университет өмірінің ажырамас бөлігі болып табылатын ашықтық, қонақжайлылық пен халықаралық ынтымақтастықтың жарқын дәлелі.
Біз үшін Қазақ ұлттық медицина университеті әлемнің түкпір-түкпірінен келген студенттердің екінші үйіне айналғаны және Сіздердің әрқайсыңыз ортақ міндетіміз – жоғары білікті медицина мамандарды даярлауға бірегей үлес қосатындарыңыз зор мақтаныш.
Алғыс айту күні мейірімділік, өзара көмек және толеранттылық құндылықтарына адалдығымызды тағы бір мәрте растасын. Сіздерге зор денсаулық, ғылыми әрі жеке жетістіктер, сондай-ақ адам денсаулығын сақтау және нығайту жөніндегі ізгі миссияда жаңа табыстар тілейміз.
Мереке құтты болсын, қымбатты достар!