Америкалықтар ҚазҰМУ-ға коронавируспен күресте мамандар даярлауға көмектеспек
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті Америка Құрама Штаттарының ауруларды бақылау және алдын алу орталығымен (CDC) бірге бірлескен білім беру бағдарламасын іске қосады. Студенттерді «қолданбалы эпидемиология» мамандығы бойынша оқытатын болады. Курс 2 жылға созылады.
«Біз олармен бірге магистратураны бастадық. Сондай-ақ, Абай атындағы ҚазҰПУ-мен қос дипломды білім аштық. Сондай-ақ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен «инклюзивті білім беруді медициналық-педагогикалық сүйемелдеу» бағдарламасы ашылды. Мына 21-ші ғасырда адам бір емес, бірнеше университеттерде білім ала алады. Біз сондай-ақ «денсаулық сақтау технологияларын бағалау» бағдарламасын аштық. Мұнда медициналық технологияларды бағалау бойынша мамандар даярланады. Клиникаға технологияны енгізудің тиімділігін бағаламай, олар әрдайым тиімді бола бермейді. Олар бірінші кезекте қандай технологияларды енгізу керектігін, талқылаудан кейін қандай технологияларды енгізу қажеттігін ұсынатын болады», – деді ҚазҰМУ ректоры Талғат Нұрғожин халыққа есеп беру кездесуінде.
Сондай-ақ ректор 2019 жылы Оңтүстік Кореяның Kyungpook ұлттық университетімен бірлескен «Физикалық медицина және оңалту» бағдарламасы, Suny Albany-мен (АҚШ) «Эпидемиология» бағдарламасы, University of information technology and management-пен (Польша) «фармацевтикалық косметология» және ҚБТУ-мен «электрондық денсаулық сақтау» бағдарламасы ашылғанын еске салды. Сонымен қатар, ҚазҰМУ-дың стратегиялық серіктесі – Литва денсаулық ғылымдары университетімен академиялық ұтқырлық бойынша жұмыс жүргізілді.
2019-2020 оқу жылында Оңтүстік Корея, Румыния, Түркия, Қырғызстан, Чехия, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Австралия сияқты шетелдік білім беру, ғылыми және клиникалық ұйымдармен ынтымақтастық туралы 13 келісім шарт және өзара түсіністік туралы меморандум жасалды.