«Ана деген тіршіліктің тірегі» тақырыбында мерекелік концерт өтті
Қалыпты анатомия кафедрасында 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналып өткізілген іс – шара туралы ЕСЕП
2020 ж. 5 наурыз күні қалыпты анатомия кафедрасында кафедраның ПОҚ Абиырова Н.Б., Искиндирова А.М., Искакова Л.А., Оразымбетова А.М., Тукибаев Ж.М., Дармен Н.Ж. және жалпы медицина факультетінің кураторлық топтарының қатынасуымен 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана деген тіршіліктің тірегі» тақырыбында мерекелік концерт өтті. Іс –шара кафедраның аға кураторы Абиырова Н.Б. құттықтау сөзімен басталды. Іс – шараның мақсаты – студенттердің бойында анаға, айелдерге және ұстаздарға деген құрметті, махаббатты арттыру. 19-020-1/2 топ студенттері «Ана туралы» хор айтты, 19-006-01к. қыздары Толеубекова А., Майданбекова М., Кенжебек Е., Орынхан Н. Қазақ халық биін мың бұралып биледі, 19-020-1 топ студенті Калыбав Арын «Балбыраун» күйін домбырада ойнады, Серғалы Гүлим және Ақтымбаева Амина аналарға арнаған «Мереке» әнін орындады, 19-017-2 топ студенттері аналарға арналған қойылым көрсетті. Студенттер оқытушыларға, аналарға, қыздарға арнап өлең оқыды. Кураторлық топ студенттері өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті. Концерт өте көңілді жыне қызықты өтті.