АО «Қаржы орталығы» өкілдері ҚазҰМУ студенттеріне гранттарды өтеу ережелерін түсіндірді
С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Үш жылдық міндетті еңбек өтеу» тақырыбында маңызды кездесу өтті.
Кездесуде АО «Қаржы орталығының» өкілі Тыныбеков А.А. 2025 жылғы түлектерге грант бойынша үш жылдық еңбек өтеу тәртібін, одан босатылу шарттарын және мониторинг жүргізу мәселелерін толық түсіндірді.
Талқыланған мәселелер:
– Мемлекеттік грант негізінде оқыған түлектердің міндеттері.
– Еңбек өтеуден босатылу шарттары.
– Міндеттердің орындалуын бақылау тәртібі.
Кездесудің маңызы зор болды: студенттер барлық сұрақтарына жауап алды және мемлекеттік талаптарды орындау жолдарын нақты түсінді.
ҚазҰМУ түлектерінің болашағы жарқын болсын!