Апатты жағдайдағы алғашқы медициналық жәрдем орталығының тәжірибелік сағат
ҚазҰМУ-ң интеграциялық оқу үрдістерін қалыптастыру орталығында Қазақстан Республикасы Алматы қалалық ТЖМ қолдауымен “Апатты жағдайдағы алғашқы медициналық жәрдем орталығының” қызметкерлері Жалпы медицина факультетінің 3 курс студенттеріне, гистология модулінің оқытушыларымен оқу-іс шаралар жұмыстарынан тәжірибелік сағаттар өткізді.”
12.05.16ж. күні ҚазҰМУ-ң интеграциялық оқу үрдістерін қалыптастыру орталығында Қазақстан Республикасы Алматы қалалық ТЖМ қолдауымен “Апатты жағдайдағы алғашқы медициналық жәрдем орталығының” қызметкерлері Жалпы медицина факультетінің 3курс студенттеріне, гистология модулінің оқытушыларына: Н. М. Тусупова, Т.Ф., Кругликовская, Ф.Д. Алсеитова, Г.К. Есимова, З.Н. Джангельдина, Ш.Ш. Мулькибаева, Р.С. Омарова оқу-іс шаралар жұмыстарынан тәжірибелік сағаттар өткізді.
3курс студенттері арасында таныстыру және түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 3курс студенттері базасында операциялық бөлімі бар мобильді диагностикалық комплекс КАМАЗ43118-бен танысты. Бұл комплекс құрамында қан және зәр анализін анықтайтын зертхана, рентген кабинет, операциялық бөлім және 4 зардап шеккен адамға көмек көрсететін үдемелі терапия палатасы бар. Рентген кабинетінде интернет желісі орнатылған, жоғары білікті мамандармен тікелей байланыс орнатып, кеңес алуға мүмкіншіліктер жасалынған. Бұл комплексте УКВ радиостанциясы және де GPS навигациясы орнатылған. Зардап шеккендерге жедел білікті медициналық көмек көрсетіледі.Тәжірибелік сағат барысында студенттер өздерінің практикалық дағдыларын дамытты. Студенттер қызығушылық танытып, белсенді түрде сұрақтар қойды.ТЖМ қызметкерлері қойылған барлық сұрақтарға толық жауап беріп,студенттер білім қорларын байытты.
ТЖМ қызметкерлері құтқарушы жұмысымен егжей-тегжейлі таныстырып, студенттердің қызығушылығын тудырды. 3курс студенттерін өз қатарларына қосылуға шақырды.
Бүгінгі іс-шара өте қызықты әрі пайдалы болды. 3 курс студенттері алғашқы көмек көрсетудің қыр-сырларын жақсы меңгерді. Осындай іс-шаралар студенттер арасында жиі өткізіліп тұрғанын қалаймыз. Бүгінгі іс-шара ұйымдастырушыларына алғысымыз шексіз!