Аралық және қорытынды аттестациялауды өткізу туралы
С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенттерін аралық және қорытынды аттестаттау университеттің Академиялық саясатына және ҚазҰМУ КеАҚ Білім алушылардың ағымдағы үлгерімін бақылау, аралық және қорытынды атестаттауды өткізу Ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Академиялық қызмет бойынша проректордың бұйрығымен келесі ішкі НҚА-ға өзгертулер мен толықтырулар еңгізілді (Сенаттың 24.04.2020 жылғы № 6 шешімі)
- Университеттің Академиялық саясаты 28.08.2019жылғы № 195 (өзгертулері мен толықтырулары 27.03.2020 жылғы № 162 бұйрық);
- ҚазҰМУ КеАҚ Білім алушылардың ағымдағы үлгерімін бақылау, аралық және қорытынды атестаттауды өткізу Ережелері (өзгертулері мен толықтырулары 24.04.2020 жылғы № 205 бұйрық);
- Аралық бақылау кезінде қорытынды бақылауды өткізуге арналған міндетті пәндер тізімі бекітілді (24.04.2020 жылғы № 205 бұйрық);
- «Қашықтықтан оқыту режимінде жазбаша емтиханды ұйымдастыру және өткізу» СЖТ бекітілді (24.04.2020 жылғы № 206 бұйрық);
- «Қашықтықтан оқыту режимінде тесттік формадағы емтиханды ұйымдастыру және өткізу» СЖТ бекітілді (24.04.2020 жылғы № 206 бұйрық);
- «Қашықтықтан оқыту режимінде ауызша емтиханды ұйымдастыру және өткізу» СЖТ бекітілді (24.04.2020 жылғы № 206 бұйрық);
- «Қашықтықтан оқыту режимі жағдайында аппеляцияны ұйымдастыру және өткізу» СЖТ бекітілді (29.04.2020 жылғы № 213 бұйрық);
Бакалавриат, интернатура білім алушылары үшін:
№ | Емтиханды өткізу тәртібі | Сипаттама | Ескертпе |
1 | Пәндер бойынша емтиханды академиялық күнтізбеге сәйкес қашықтық форматта өткізу
|
Емтихандар жазбаша, тесттік және ауызша түрде, онлайн-прокторинг бағдарламасының көмегімен өткізіледі. Жазбаша жұмыстар шифрланған.
Емтихан нысаны ОЖБЖ-де бекітілген.
|
Жазбаша және тесттік формадағы емтиханды тапсыру үшін білім алушылар емтихан тапсыру платформасына https://kaznmu.oes.kz/ (прокторинг жүйесі) арқылы кіру керек. |
2 | Емтихан бағасы ағымдағы үлгерім нәтижелері негізінде жинақталып қойылады
|
Білім алу нәтижелеріне жетуді бағалау ағымдағы үлгерім негізінде жасалады (емтихан бағасы ретінде ЖРБ рейтингісіне тең баға қойылатын болады) ЖРБ = ағымд.баға1+АБ1+ағымд.баға2+АБ2
|
|
3 | Емтиханды ТЖ кейінгі уақытта тікелей тапсыру | Емтихандар (жобамен) 2020 жылдың маусым айына ауыстырылады, ал студентке «аяқталмаған» («I» incomplete) бағасы қойылады.
Маусым айында карантин режимі сақталған жағдайда мерзімі тамыз айына ауыстырылуы мүмкін.
|
Бұл жағдайда, грантта оқитын студенттер емтихан тапсырғанға дейін стипендия алуды жалғастырады. Стипендияны сақтау туралы мәселе емтихан тапсырғаннан кейін шешіледі. |
Әр студент ұсынылған 3 нұсқаның біреуін таңдап, өтініш береді (деканаттар өтініш беру процесі туралы нұсқаулық жасайды. Өтініштер деканатқа беріледі) |
Бітіруші курс білім алушылары үшін:
№ | ҚМА өткізу тәртібі | Сипаттама | Ескертпе |
1 | Кешенді емтихан | 1-этап:
Кешенді тестілеу – прокторинг бағдарламасын қолдану арқылы өткізіледі.
2-этап: ОСКЭ (бітірушінің тәжірибелік дағдыларын бағалау) форматындағы ҚМА CbD қолдана отырып өткізіледі |
Тестьерді тапсыру https://kaznmu.oes.kz/ (прокторинг жүйесі) арқылы өткізіледі.
ОСКЭформатындағы ҚМА онлайн режимде ZOOM, Microsoft Teams, Cisco Webex платформаларында жүзеге асырылады. |
2 | Дипломды жобаны және магистрлік диссертацияларды қорғау | 1-этап:
Плагиатқа, дизайн ережелерінің сақталуына тексеру. Аттестациялық комиссиясының жазбаша жобаны тексеруі.
2-этап: Жобаны онлайн режимде топпен бірге аттестаттау комиссиясының алдында қорғау (лицензиялық Zoom платформасын пайдалана отырып).
|
Қорғауға 2 апта қалғанда жазбаша нұсқаулар, әр кезеңде жобаны бағалау критерийлері жіберіледі.
Қорғауға бір апта қалғанда онлайн нұсқама, тестілік байланыс өткізіледі.
|
Барлық ішкі НҚА kaznmu.kz сайтында орналастырылған
https://kaznmu.kz/rus/obrazovanie-2/normativnye-dokumenty-2/npa-po-distancionnomu-obrazovaniju/