Аса құрметті ҚазҰМУ түлегі!
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ түлектер қауымдастығы Сіздерді Қазақстанның үздік дәрігерлерінің Альма-матері, отандық медицинаның бесігі, еліміздің ең көне жоғары оқу орнының барлық түлектерін құрметтеуге арналған «ҚазҰМУ Түлектер күні» – «KazNMU Alumni Day» жалпы университеттік ауқымды іс – шараға қатысуға шақыру құрметіне ие болып отыр.
Биылғы жылы «ҚазҰМУ Түлектер күні» жобасы алғаш рет бастау алды және ол ұрпақтар сабақтастығын мақсат тұтады. Біздің күшіміз инновацияға негізделген дәстүрлерде, біздің күшіміз бірлікте.
Түлектер күні бағдарламасында – «ҚазҰМУ үздік түлегі 2022», «ҚазҰМУ мақтанышы» номинацияларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі, ҚазҰМУ жас талантты студенттерінің жұмыстарының аукционы, сондай-ақ Түлектер қауымдастығының қолдауымен зияткерлік жобалар мен ардагерлерді қолдау жөніндегі инновациялық жобаларға демеушілік үлесіңізді қоса аласыз. Биыл университеттің бірыңғай алаңында, оның шаңырағының астында өткен жылдар мен биылғы 2022 жылдың барлық факультеттерінің түлектері кездеседі.
Өтетін орны: Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 151, «Concordia».
Өткізілетін күні мен уақыты: 02.07.2022, сағат 10:00.
Университет өзінің әрбір түлегін жадында сақтайды, бағалайды және мақтан тұтады, сіз оның алтын тарихының бір бөлшегісіз, ҚазҰМУ даңқы – бұл 100 мыңға жуық түлектердің еңбегінің елеулі нәтижесі.
Университетпен байланыста болыңыз! Keep in Touch with Alma Mater!
Біз бәріміз бір үлкен медициналық отбасымыз!
Ниет білдірушілер Түлектер қауымдастығының қайырымдылық қорының қатысушысы бола алады, оның қаражаты әлеуметтік жобаларды қолдауға бағытталады (университет ардагерлеріне көмек, олардың есімін мәңгі есте қалдыру, ҚазҰМУ студенттерін және басқа да бағдарламаларды қолдау). Сонымен қатар, демеушінің өзі ұсынған қаражатының жұмсалу мақсаттарын айқындай алады. Қорға ақша сала отырып, сіз университеттің, студенттердің келесі буынының дамуына және ардагерлерімізді, оған шынымен мұқтаж адамдарды қолдауға маңызды үлес қосасыз.
«ҚазҰМУ Түлектер күні» іс-шарасына қатысу үшін https://dsc.kaznmu.kz/regis/ сілтемесі бойынша тіркеле аласыздар.
Демеушілік қолдау көрсету үшін есеп шоты:
«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті түлектер қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігі
БСН 091040007937
Банк деректемелері: IBAN KZ666010131000122045 теңге
KZ666010131000178208 доллар
KZ706010131000152237 рубльдік
БСК HSBKKZKX «Қазақстан Халық Банкі» АҚ
Заңды мекенжайы: 050012, Қазақстан Республикасы, Алматы, Төле би, № 88 үй, к. 18
ТТК 120
Құрметпен,
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ
Түлектер қауымдастығының президенті У. М. Датхаев