Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да университет тарихындағы 86-шы оқу жылы бастау алды
Жаңа оқу жылында болашақ дәрігерлер қатары 1280 бірінші курс студенттерімен толықты. Салтанатты жиынға ҚазҰМУ ректорының м.а. Нургүл Хамзина қатысып, студенттерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. «Бүгін сіздер бірнеше ұрпақтарды қамтыған оқытушылар мен қызметкерлердің, студенттердің, түлектердің және еліміздің үздік дәрігерлерінің Альма-матері болып табылатын еліміздегі көне университетіміздің тарихына ендіңіздер. Бүгінде еліміздегі әр үшінші дәрігер ҚазҰМУ-дың түлегі болып табылады. Және бұл университет қабырғасында сол кісілер негізгі медициналық білімді игеріп, бойларына мейірімділік пен игі қасиеттерді сіңірген», – деп өз сөзінде Н.Хамзина атап өтті.
Өткен жылы Асфендияров атындағы ҚазҰМУ 85-жылдық мерейтойын атап өткен болатын.
Университеттің аса бай тарихы мен үлкен жетістіктері бар, біртуар көрнекті медиктерге толы. 85 жыл тарихы ішінен ҚазҰМУ түлектерінің гуманизм, изгілік, сұлулық пен ақиқат жолында жалпыазаматтық идеяалдарды ұстанудағы сіңірген зор үлесін көре аламыз. Бүгінде Бірінші медициналық университет еліміздегі 10 инновациялық бағыттағы жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Өз тарихында зор педагогикалық пен ғылыми мүмкіндігін пайдалана отыра 65 000 жоғары білікті, бәсекелесуге қабілетті денсаулық сақтау мен фармация мамандарын дайындады. Мамандар өз елімізден қатар жақын және алыс шет елдерде табысты еңбек етуде.
– Әр адамның өмірінде ерекше күтетін сәттері болады, соның ішінде – университетке оқуға түсу. Бұл тек оқуға түскен бірінші курс студенттеріне ғана емес, олардың ата-аналарына да ерекше сәт болып келеді. Осы оқу жылында ҚазҰМУ 86-шы рет өз қатарына бірінші курс студенттерін қабылдауда. Және де университеттіміздің 75 000 түлектері мен 11-мыңдық студенттер, оқытушылар мен қызметкерлер ұжымы атынан Сіздерге, болашақ дәрігерлерге айтарымыз: Қазақ Ұлттық медицина университетіне Қош Келдіңіздер! Бұл университет – инновациялық дамудың жоғары кәсіптік және жоғары оқудан кейінгі медициналық білім беру мен ғылымның ұлттық көшбасшысы, медицина қызметкерлерін дайындауда еліміздегі алдыңғы қатарлы жоғары оқу орны, – деп ҚазҰМУ ректорының м.а. Н. Хамзина салтанатты жиын қатысушыларын қарсы алды.
Тілек сөзден бөлек бұл мерекелік күні болашақ медиктер еліміздегі көне университеттің қалану тарихымен және өздері секілді мәртебелі мамандық жолында таңдау жасаған аса көрнекті тұлғаларымен танысты. Осыған орай ҚазҰМУ түлектері мен оқытушылар арасынан 8 нарком мен ҚР денсаулық сақтау министрлері, Қазақстандағы медициналық жоғары оқу орындарының 3 ректоры, 19 ғылыми орталық пен институт басшылары, 6 жергілікті денсаулық сақтау мекемелерінің басшылары, 6 әлем чемпиондарын атап өтуге болады.
– Ғасырға жуық тарихында ҚазҰМУ үлкен жол атқарып, әсіресе инновациялық тұрғыдан белсенді көріне білді. Және бұл университеттің елімізге маңызы зор, мәртебесі биік, – деп ҚазҰМУ ректорының м.а. Н. Хамзина атап өтті. – Бұл алып медициналық бауырластық, бұл ғалымдар мен оқытушылардың, уақыттың байлынысы. Сонау 1930 жылы бір ғана медицина факультетінен бастау алған шаңырақ бүгінде бірегей инфрақұрылымы мен үздіксіз медицина қызметкерлерін дайындауда заманауи көп деңгейлі жүйесі бар алып университтеттік комплексіне айналды. Барлық Университеттегі кампустар оқу орынның аса бай тарихын сақтап отыр. Бұл аллеялар, ескерткіштер, алаңдар бәрі де сіздер үшін, құрметті студенттер, және де алдағы 7 жыл өмірлеріңізді осында өткізесіздер. Мұның барлығы алдағы өткен ректор – профессор Айқан Ақановтың қолымен құрылған дүниелер. Өткенін білмегеннің болашағы жоқ дейді. Сондықтан, бізге сіздердің өздеріңіздің оқу орындарыңыздың тарихын ескеріп білгендеріңіз аса маңызды.
Осы жылы ҚазҰМУ-ға 1280 студент оқуға түсті, оның ішіндегі мемлекеттік білім гранты иегерлері – 669. Бірінші курсқа түскен студенттердің 327-сі «Алтын белгі» иегерлері, 64-ті халықаралық пен ұлттық олимпиада жүлдегерлері. Мемлекетаралық келісім бойынша 145 шетел студенттері әлемнің 10 елінен оқуға түсті: Иорданиядан (13), Ұлыбританиядан (1), Португалиядан (1), Мысырдан (1), Ауғанстаннан (2), Түрікменстаннан (1), Өзбекстаннан (4), Қытайдан (1), Тәжікстаннан (4) және Үндістаннан (121).
Сонымен, «Жалпы медицина» факультетіне түскендердің саны 898 адамды құрайды, оның ішінде 142-сі шетел студенттері.
«Стоматология» факультетіне түскендердің саны 159 адамды құрайды, оның ішінде 24-сі грант бойынша білім алады.
«Медбике ісі» мамандығы бойынша түскендердің саны 17 адамды құрайды, олардың барлығы грант бойынша білім алады
«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша түскендердің саны 25 адамды құрайды, оның ішінде 4-уі грант бойынша білім алады.
«Фармация» мамандығы бойынша түскендердің саны 57 адамды құрайды, оның ішінде 15-сі грант бойынша білім алады.
«Фармацевтика өндірісінің технологиясы» мамандығы бойынша түскендердің саны 73 адамды құрайды, оның ішінде басым бөлігі 69-ы грант бойынша білім алады.
«Медико-профилактикалық іс» мамандығы бойынша түскендердің саны 36 адамды құрайды, оның ішінде 4-уі грант бойынша білім алады. Және «Менеджмент» мамандығы бойынша келісім-шартпен 13 адам оқуға түсті.
– Сіздердің жолдарыңыз болды. ҚазҰМУ студенті болу қашанда болсын өз өзектілігін жоғалтпаған. Сіздер ең мәртебелі мамандықты таңдап отырсыздар, үлкен байқаулардан озып шықтыңыздар. Ендігі кезекте сіздердің көрнекті маман болуларыңыз өз қолдарыңызда. Университет өзінің әр студенті мен түлектерін мақтан тұтады, ал сіздердің барлықтарыңызды бір арнаға ортақтандыратын сипат – Альма матерге деген сүйіспеншілік болмақ. Біз өз тарапымыздан түлектеріміздің тұлға болып қалыптастыруда барлық қажеттіліктерді атқарамыз, дегенмен, сіздер де күш салуларыңыз керек. Мұны жүзеге асыруда бізде барлық қажетті мүмкіндіктер жасалған. Мен сіздерге сәттілік пен жетістіктер тілеймін. Сәт сапар, құрметті бірінші курс студенттері, – деп Нұргүл Хамзина сөзін қорытындылады.
ҚазҰМУ баспасөз қызметі