«Асфендияров оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
2025 жылғы 17 қазанда С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «С.Д. Асфендияров – ҚазҰМУ-дың алғашқы ректоры және негізін қалаушы» тақырыбында «Асфендияров оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Іс-шараны С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың Халықаралық факультетінің Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы ұйымдастырды.
Санжар Джафарұлы Асфендияровтың өмірі мен қызметін зерттеу жүргізген шет елдер мен қалалардан қатысушыларды университет алаңында біріктірді.
Конференция барысында С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Ташкент мемлекеттік медицина университеті (Өзбекстан, Ташкент қ.), Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті (Көкшетау қ.) және Қазақстан-Ресей медицина университеті (Алматы қ.) өкілдері ғылыми баяндамалар жасады.
Алғы сөздерінде проректор У.М. Датхаев және Халықаралық факультеттің деканы Н.Ж.Джардемалиева С.Д. Асфендияровтың білім мен медицина саласындағы реформатор, көрнекті ғалым ретіндегі мұрасын зерттеудің маңыздылығын атап өтті.
Баяндамалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылды. Конференцияның барлық қатысушыларына сертификаттар табысталды, ал үздік баяндама авторлары I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Қатысушылар мен қонақтар Санжар Асфендияровтың өмірі мен ғылыми мұрасына арналған зерттеулердің маңыздылығын атап өтті.