Атақты ғарышкер Айымбетов Айдын ҚазҰМУ студенттерімен кездесті
Халық Қаһарманы, ғарышкер Айымбетов Айдын Ақанұлы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің оқытушылар ұжымымен, қызметкерлерімен және студенттерімен кездесті. Ол өзінің ғарышқа ұшу тарихымен, «Қазғарыштың» жоспарлары туралы ақпаратпен бөлісті, экологияны сақтаудың маңыздылығын атап өтті және студенттердің көптеген сұрақтарына жауап берді.
Айымбетов Айдын Ақанұлы – Қазақстанның Халық Қаһарманы (2015), Қазақстан ӘӘК генерал-майоры.
Ғарышкер 2015 жылы 2-12 қыркүйек аралығында «Союз ТМА-18М» Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) 2 көліктік басқарылатын корабль (КББ)-бортинженері ретінде ғарышқа ұшты. Халықаралық ғарыш станциясына ЭП-18 бару экспедициясының мүшесі болды. «Союз ТМА-16М» КҰБ Жерге оралды. Ұшу ұзақтығы 9 тәулік 20 сағ.13 минут 51 секундты құрады.
Ол өз кезегінде студенттерге дәрігер мамандығын таңдағаны үшін алғысын білдірді. Ғарышкер сонымен қатар оларға әріптес екенін жеткізді, өйткені барлық ғарышкерлер медициналық дағдыларды меңгеруі шарт.
Мен өзім қаннан қорықпаймын, бірақ маған ота жасауды үйреткенде бойымда қатты толғаныс болды. Әсіресе, мен өзім кішкентай қызымның тісін жұлған кезде, ол 5 жаста еді. Манекендерде бұл бір. Тірі адамның тіпті тісін жұлу – бұл әрине басқа нәрсе, оны қалай жасау керектігін білу, әрі қарай науқастың саулығын қамтамасыз ету, – мұны оқып жатқандарыңыз үшін көп рахмет», – деп ризашылығын білдірді ғарышкер.
«Жақын болашақта ғарышқа кәсіби емес адамдар жиі ұшатын болады. Бизнес ыңғайланған кезде – адамдар көп жиналған жерде дәрігерлер болуы қажет. Орбитада алғашқы медициналық пункт, аурухана, зертхана ашылғанда қуанышты боламын», – деді ол.
Ғарышкер ғарышта қандай сезімдерді бастан өткергенін, ағзасы қалай қан жоғалтқанын және алғашқы күндері оның терісі қалай түскені туралы айтты. Ол студенттерді терең күйзеліс жағдайында денені қалпына келтіру немесе жаңарту туралы диссертация жазуға шақырды.
«Біздің әрқайсымыздың ерекше мүмкіндіктеріміз бар, олар бізде ашылмаған. Оларды ашу үшін күйзеліс қажет, шайқалу қажет. Сіздер дәрігерлер тікелей жұмыс жасаған соң, ағзаның қалай жұмыс істейтінін, осы реакцияларды қалай қоздыруға болатындығын білесіздер», – деді ғарышкер.
Ол сонымен қатар ғарышкерлікке 2003 жылдан бастап жасаған ұзақ жолы туралы әңгіме қозғады. Айымбетов Айдын Ақанұлы көптеген жылдар бойы дайындықты, жүздеген емтихан алушылардан құралған күрделі сынақтардан өтті, олар күтпеген сұрақтар мен күрделі дайындық бағдарламасын қойды. Соңғы сынақтардың бірі сурдокамерада бес күн өткізу.
«Бөлменің ені екі метр, ұзындығы шамамен төрт метр. Сынақтан өтетін адам дүйсенбі күні таңертең ерте кіреді. Ол ми белсенділігін, кардиограмманы және басқа да көрсеткіштерді көруге арналған құрылғы – Мономахтың қалпағын киеді. Адам жұмыс істейді, компьютерлік тесттерді орындайды. Кешке ұйықтайды. Сейсенбі күні таңертең тұрып, жұмаға дейін ұйықтамайды. Терезелері жоқ бөлмелер. Сіз күннің түнге ауысуын көрмейсіз, тек сағат бар. Ешкім сізбен сөйлеспейді, тек шамдар арқылы жарық сигналдарымен байланысады. Сондай-ақ, сіздің денеңіздің ұйқының болмауына реакциясын тексереді. Сіз ұйықтамаған кезде, тек екі аяқпен жүресіз. Бүкіл бөлме камералармен жабдықталған. Белгілі болғандай, кейбір сынақтан өтушілерге «қонақтар» келген. Біреуге гномдар келген. Біреулерге қабырғаны қағады, басқаша айтқанда галлюцинация. Бұл адамдар, әрине, сынақтан өтпеді. Ғарышкер сынақтан өту кезінде жата алмайды. Төрт күн ұйықтауға, жатуға болмайды», – дейді А.Айымбетов.
Ғарышкер өзінің ұшуын 2009 жылдан бастап күтті, ол кезде әлемдік қаржы дағдарысы салдарынан ғарышқа ұшу тоқтатылды.
«Ал жас өтіп жатыр. Денсаулық. Жүйке. Мен барлық ауруларды жүйкеден деп санаймын. Алаңдаушылық. Ұшу орын алған кезде қорқынышты болды. Бәрібір тек сырттан әдемі. Тіпті әйелімнің өзі: «Мүмкін ұшпайсын, мүмкін қажет емес» – деп айтты. Зымыран дегеніміз не. Бұл ұзындығынан жанармаймен толтырылған және жоғарғы жағында кішкентай қайық. Керосин және оттегі. Астынан жағып «бәрі жақсы болады» дейді. Зымыран ұша бастағанда – ерекше сезімге бөленесің. Жұмыс басталды – қорқыныш өтті. Жерді көргенде орбитаға шықтың – адреналиннің эндорфиннің қанға қатты әсер етуі. Эйфория. Содан әрі қарай жұмыс. Сезімдер аралас болады», – деді ол.
Студенттер Айымбетов Айдыннан ғарышкерлікке жаңа қабылдау болады ма деп қызығушылық танытты. Ол жақын арада іріктеу өтетінін алға тартты.
Қазіргі уақытта Ғылыми бағдарламаның элементтері пысықталуда. Қазғарыш өте тиімді жағын қарастыруда. Әлемді келесі қазақстандықтың ғарышқа ұшуымен таң қалдырмайсың. Ғылыми бағдарлама дайын болған соң, ғарышкерлерді орбитаға шығара алатын және ұшыратын елдермен келіссөздер жүргізілетін болады. Қазір менің достарым жиі: Неге келесі ғарышкер біздің қыз болмасқа?-дейді. Біздің қыздар кейде кейбір жағдайларда жігіттерден асып түседі. Сабырлылық пен парасаттылық – біз жігіттерміз, біз қысыммен, табандылықпен, күшпен аламыз. Қыздар физикалық тұрғыдан әлсіз болғандықтан, олар ойлануы керек және сабырлы, тыныш нұсқада өтуі керек. Таяу келешекте іріктеу жарияланады – «Келем десеңіздер есік ашық!», – деді ол.
Сондай-ақ, Айымбетов Қазғарыштың жердегі ғарыштық ұшуды модельдеу бойынша тренажер кешенін құру жобасын қарастырып жатқанын айтты. Ұқсас жобалар Роскосмос пен NASA-да бар.