Аты аңызға айналған әскери қолбасшы Б.Момышұлының келіні, жазушы Зейнеп Ахметовамен кездесу кеші
28 қыркүйек күні Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Concordia» театрында ҚазҰМУ студенттері үшін этнограф-жазушы және қоғам қайраткері, Бауыржан Момышұлының жеңгесі Зейнеп Ахметовамен кездесу кеші өтті.
«Ұлт руханиятын сақтау бабалар аманаты» атты іс-шара Қазақстандағы Отбасы күні аясында ұйымдастырылып, рухани және мәдени құндылықтарды сақтау және арттыру мақсатында өткізілді.
Еркін сұхбат форматында өткен кездесу барысында жазушы қолбасшы Бауыржан Момышұлының өмір тарихынан естеліктерімен бөлісіп, қазақ дәстүрлері мен отбасылық құндылықтар туралы басқа да өзекті тақырыптарды қозғады.
Сондай-ақ, кездесу барысында ҚазҰМУ студенттері Зейнеп апаға сұрақтарын қоюға тамаша мүмкіндік алып, оған жауап ретінде маңызды насихат сөздерін иеленді.