«Ауылдағы дәрігерлер бірден пәтер алуы қажет» – Терещенко Сергей Александрович болашақ дәрігерлерге табысты маман болу туралы кеңес берді.
ҚазҰМУ студенттері және оқытушыларымен кездесу барысында көрнекті мемлекет қайраткері, ҚР тұңғыш премьер-министрі Сергей Терещенко Александрович болашақ дәрігерлермен маңызды кеңестермен бөлісті. Оның пікірінше, жақсы маман болудың ең дұрыс жолы – қызмет жолын ауылдан бастау. Сонымен бірге, Сергей Александрович бұл үшін мамандардың жағдайы жасалуы қажет деп атап өтті.
«Мен бала кезімде мектепте сол кездегі көптеген балалар сияқты ұшқыш болуды армандадым. Бірақ содан кейін полиомиелитпен ауырдым, бір аяғым екіншісіне қарағанда қысқа. Содан мен ауыл шаруашылығындағы жұмыстар туралы ойладым, әкемнің қалай жұмыс істегенін көрдім және біреу адамдарды тамақтандыру керек деп шештім. Мектепті медальмен, партия мектебін және институтты қызыл дипломмен бітірдім. Өкінбеймін. Сондықтан баршаңызды ауылдық медицинаға баруға шақырамын, өкінішке орай, соңғы жылдары ауылдық медицинаға тиісті көңіл бөлінбейді. Дәрігер бірден тұрғын үй – ауылдан пәтер алуы тиіс. Өкінішке орай, барлық жерде осылай жасалмайды. Бірақ, амал жоқ, бізге қазір онымен айналысуға тура келеді», – деді Сергей Терещенко.
Сондай-ақ, белгілі мемлекет қайраткері алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қалай қол жеткізуге болатыны туралы кеңес берді.
«Мен таңертең 6 тұрып, жаттығулар жасай бастаймын. Менде таңертең басқалар сияқты ұйықтағым келеді. Бірақ өзіңізді түзетуіңіз керек: жасағыңыз келмейді, бірақ жасаңыз. Мен өзімді қамшылаймын, мен 70 жылдан аса өмір сүрдім. Мен күні бойы бір нәрсемен айналысамын. Бұл – біріншіден. Екіншіден – алдыңа мақсат қою керек, егер сен мақсат қойсаң, осы мақсатқа қалай қол жеткізуге болатынын білсең, әрі қарай, бәрі ойдағыдай болады», – деп атап өтті Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш премьер-министрі.
Сергей Терещенко мысал ретінде өзінің досы Исмаилов Жұмағалидың ауылдық жерде қызметін бастаған, жоғары нәтижелерге қол жеткізген тәжірибесін атап өтті.
«Жұмағали Исмаилов – 29 жасында медицина ғылымдарының докторы болған, Шымкент ауруханасын басқарған адам. Қазір ол Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында қызмет атқарады, 2 жылдан кейін нәтижесін көресіздер. Онда жұмыс істеу үшін сіздерге өте жақсы оқу керек. Мен сіздерге ауылдық жерде еңбек жолын бастаған адамның үлгісін көрсеткім келеді», — деді Сергей Терещенко.