«АУЫСЫНУ: СИМПТОМНАН ДИАГНОЗҒА ДЕЙІН»
13 қарашада Астанада ауырсыну синдромдарына арналған өңірлік медициналық конференция аясында ауырсынуды диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдеріне қатысты кәсіби талқылау өтті. Іс-шараға Қостанай, Көкшетау, Петропавл, Павлодар, Семей, Өскемен және Астана қалаларынан мамандар белсенді қатысты. Барлығы конференцияға 120 дәрігер қатысты, бұл ауырсыну мәселесіне пәнаралық проблема ретінде жоғары қызығушылық бар екенін көрсетеді.
Іс-шараны аша отырып, АМУ (Астана) неврология кафедрасының меңгерушісі Есжанова Лаура Еркінқызы ауырсынуға кешенді және пәнаралық көзқарастың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ заманауи диагностикалық құралдарға деген өсіп келе жатқан қажеттілікті және әртүрлі профильдегі мамандардың бірлескен жұмысының өзектілігін көрсетті. Конференция блоктық талқылау форматында өтті.
Бағдарламаның негізгі блоктары
Блок 1: «Ауырсыну – симптом ретінде»
Спикер: Есжанова Лаура Еркінқызы, АМУ неврология кафедрасының меңгерушісі.
Алғашқы баяндамада ауырсынудың пайда болу механизмдері, клиникалық көріністері және жиі кездесетін диагностикалық қателіктер қарастырылды. Ауырсынудың неврологиялық аурулардың ерте маркері ретіндегі рөліне және пациентті дер кезінде жолдаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Блок 2: «Ауырсыну – қабыну ретінде»
Спикер: Серикова Жанна Бекетқызы, ревматолог
Баяндамада ауырсынудың қабынулық механизмдері, ревматологиялық ауырсыну синдромдарының ерекшеліктері және заманауи қабынуға қарсы стратегиялар қарастырылды. Қатысушылар клиникалық жағдайлар мен пациенттерді жүргізу алгоритмдерін талқылауға белсенді қатысты.
Блок 3: «Ауырсыну – диагноз ретінде»
Спикер: Нургужаев Еркін Смагулович, С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жүйке аурулары кафедрасының профессоры, Неврологтар қауымдастығының президенті.
Конференция соңында ауырсыну дербес клиникалық диагноз болып табылатын жағдайлар қарастырылды. Спикер созылмалы ауырсыну жағдайларының классификациясын, заманауи диагностикалық ұсынымдарды және пациентті жүргізу тактикасын ұсынды.
«Ауырсыну: симптомнан диагнозға дейін» конференциясы Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген мамандардың тәжірибе алмасуы мен бірігуіне арналған маңызды алаңға айналды. Қатысушылар баяндамалардың жоғары практикалық маңызын, талқыланған тәсілдердің өзектілігін және осындай пәнаралық іс-шараларды жалғастырудың қажеттілігін атап өтті.







