«Ахмет Байтұрсынұлының туылғанына 150 жыл» атты іс-шара бойынша есеп
Іс-шара 28.11.2022 жылы ЖМ22-038К, ЖМ22-040К және ЖМ22-041К топтарының қатысуымен Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, 2 корпус, 301 аудиториясында өткізілді. Іс-шараны ұйымдастырған биохимия кафедрасының аға оқытушысы Ерболова Л.С., ассистенттер Дәулет Г., Баялиева Р.А. Іс-шараға биохимия кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы да қатысты.
Іс-шара барысында Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері, өмір жолы туралы мағлұматтар берілді.
Жүргізілген іс- шараның мақсаты ақын өмірін студенттерге үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу, студенттердің танымдық деңгейін дамыту.
Іс-шараны ақынның өмір жолын, шығармашылығын таныстырумен бастадық. Іс-шараның өтуі барысында ақынның «Оқуға шақыру», «Адамдық диқаншысы», «Анама хат» атты өлеңдері оқылды. «Қасқыр мен қозы» мысалынан көріністі Қуанышбек Ақмарал, Тасболат Айдын және Оспанова Адина ойнап шықты.
Сонымен қатар репрессия құрбаны болған Ахмет Байтұрсынұлының тағдырынан сахналық көрініске кезек берілді. Ахмет Байтұрсынұлының рөлін ЖМ022-38К тобының студенті Тоғызбай Қахарман жоғары деңгейде сомдап шықты.
Сонымен қатар жүргізушілер А. Байтұрсынұлының 150 жылдығына байланысты республика деңгейінде жасалып жатқан іс-шараларға да тоқталып кетті.