АШЫҚ ДӘРІСКЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰУ-де Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасында 2023 жылдың қаңтар айынан шілде айына дейін American Councils for International Education and Research гранты бойынша визитинг профессор, тарих ғылымдарының докторы Public Policy Fellow (Wilson Center, USA), Америкалық биоэтика Ассоциациясы және гуманитарлық ғылым қауымдастығының сарапшы-мүшесі (ASBH) – Наталия Петровна Шок.
Профессор – медицина тарихы, биоэтика бойынша бірқатар жобалардың жетекшісі, биоэтика мен медициналық гуманитарлық ғылымдардың әртүрлі мәселелері бойынша сарапшылық-талдау материалдарының және пікір көшбасшыларымен сұхбаттар сериясының авторы (medical humanities). Оның қызығушылықтарына: «деректерге негізделген биоэтика», кәсіби медициналық бірлестіктердің этика кодекстері, денсаулық сақтау саясаты және халықаралық қатынастар, жаһандық денсаулық (One Health approach, WHO), медицина тарихы.
Университетімізде грант аясында Наталия Петровна Шок профессорлық- оқытушылық құраммен бірлесіп «Биоэтика дауыстары» (Қазақстандағы клиникалық және фундаменталды медицинаның жетекші ғалымдарымен және пікір көшбасшыларымен терңдетілген сұхбаттар сериясы)ғылыми зерттеу жобасын және «Биоэтика негіздері» ПОҚ біліктілігін арттырудың пилоттық курсын жүзеге асыруда. Курс аясында профессор оқытушыларға клиникалық биоэтика жағдайларын талдаудың бірегей әдісін үйретуде. Сондай-ақ, Наталия Петровна ПОҚ-ға медицина және денсаулық тарихына байланысты кафедра жобасының өзекті мәселелері бойынша кеңес береді.
Жалпы медицина – 1 мектебі, Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы Университетіміздің барлық оқытушыларын және студенттерді визитинг профессордың «Медицина тарихы не үшін маңызды?» атты ашық дәрісіне шақырады.