«Ақсай» университеттік клиникасында заманауи компьютерлік томография орталығы ашылды
Бүгін ҚазҰМУ-дың «Ақсай» клиникасында заманауи компьютерлік томография орталығы ашылды. Клиникадағы ескі компьютерлік томограф 20 жыл аралықтай қолданыста болған еді. Оның орнына General Electric компаниясы шығарған жаңа Optima CT 520 орнатылды. Аталмыш құрылғы васкулярлы, ортопедиялық, ангиографиялық зерттеулердің кең ауқымын жүргізуге, сондай-ақ мидың, құрсақ қуысы мүшелерінің, кеуде қуысының визуализациясын жасауға мүмкіндік береді.
ҚазҰМУ университеттік клиникалардың жұмысын қайта жаңғыртуда. Атап айтсақ, 2019 жылдың қазан айында ҚазҰМУ-дың профессорлық клиникасында офтальмологиялық орталықтың ашылуы өткен болатын. Клиника емханалық, диагностикалық, стационарлық бөлімшелер, лазерлік орталық және оталық
блок, сондай-ақ офтальмологиялық оталар жүргізуге арналған заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілді. Қысқа мерзім аралығында офтальмологиялық орталық базасында жоғары деңгейде оннан астам жасалынған.
Жақында əлемдік оторларингология саласының үздік хирургы Роберто Пужеду «Ақсай» университеттік клиникасында бірегей оталар жасаған еді. Сондай-ақ, клиника базасында тек Қазақстаннан ғана емес, көрші елдерден, Еуропа мен Оңтүстік Кореяның жоғары білікті мамандары мастер-класстар өтеді.
«Ақсай» университеттік клиникасы – бұл көпсалалы балалар емдеу-диагностикалық мекемелердің үздігі. Клиникада жылына республикадан 7 мыңнан астам, оның ішінде 2,5 мыңға жуығы ауылдық өңірдің балалары медициналық көмек алады. Жылына 2000-нан астам ота жүргізіліп, консультациялық-диагностикалық орталығына 30 000-ға жуық адам жүгінеді.