«Ақ халаттар» рәсімі
6 қазан күні Қазақ ұлттық медицина университетінің Халықаралық факультетінде 1-курс студенттеріне арналған «Ақ халаттар» салтанатты рәсімі өтті, онда болашақ дәрігерлер ақ халат киіп, Гиппократ антын қабылдады.
Салтанатты шара студенттердің болашақ денсаулық сақтау мамандары ретіндегі сапарының басталуының белгісі. Студенттерді құттықтау және ынталандыру үшін ҚазҰМУ проректоры мен Халықаралық факультет деканы жігерлі сөз сөйлеп, университетіміздің тарихы мен мұрасына тоқталып өтті.
Жаңа қабылданған студенттер дәрігерлік тәжірибеде адал қызмет етуге және этикалық норманы сақтауға уәдені білдіретін ант берді.
Әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаменті, Кітапхана, Клиникалық және денсаулық ғылымдары орталығы сынды әртүрлі бөлімдердің бірнеше лауазымды т ұлғалары өздеріне қарасты бөлім қызметі мен рөлі таныстыру үшін баяндама жасады.
Бұл іс-шара студенттер үшін ерекше болып қалары сөзсіз. Біз оларға тек сәттілік тілейміз!