«А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы лауазымына кандидаттар іріктеу туралы хабарлайды
«С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті » коммерциялық емес акционерлік қоғамы «А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы лауазымына кандидаттар іріктеу туралы хабарлайды.
Лауазымның атауы: Басқарма төрағасы
Ұйымның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050004, Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 62
Есептілігі: Директорлар кеңесіне
Ұйымның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:
- Жоспарлы және шұғыл хирургия саласында мамандандырылған және жоғары білікті емдік-диагностикалық, стационарлық, стационар алмастырушы, поликлиникалық және үйде медициналық көмек көрсету;
- Сәулелі диагностика, соның ішінде магнитті-резонанстық және компьютерлік томография, радиологиялық, рентгендік, ультрадыбыстық, функционалдық, эндоскопиялық, патологияны анатомиялық және цитологиялық диагностикалау;
- Бактериологиялық, биохимиялық, иммунологиялық және иммуноферменттік зерттеулер, жалпы клиникалық, серологиялық, патологиялық зерттеулер, ПЦР-диагностикалау;
- Акушерлік және гинекология, неонтология, аллергология, кардиология, гастроэнтерология, гепатология, нефрология, пульмонология, онкология, стоматология, неврология, эндокринология салалары бойынша мамандандырылған және жоғары білікті емдік-диагностикалық стационарлық, стационар алмастырушы, поликлиникалық және үйде ересектер мен балаларға медициналық көмек көрсету;
- Хирургиялық, қан айналымы, тыныс алу, ас қорыту, ЛОР мүшелері, зәр шығару органдары, репродуктивті және эндокриндік органдарды, сондай-ақ басқа органдарды қоса, ауруларды диагностикалау және емдеу адам жүйелері, реконструктивті пластикалық хирургия, мүшелер мен ұлпаларды трансплантациялау, микрохирургия, анестезияның жаңа түрлері, қарқынды терапия және реанимация, зертханалық ғылым саласындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-практикалық және ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыстарды орындау және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тәжірибеге енгізу
- Медицина мен хирургия саласында нормативтік құқықтық актілер, халықаралық бағдарламалар әзірлеуге қатысу;
- Медициналық ғылымның жетістіктерін хирургиялық және ҚР заңнамасымен белгіленген басқа медициналық қызмет көрсететін мекемелердің тәжірибесіне енгізу;
- Мемлекеттік тапсырыс және ақылы негізде магистратура, докторантура арқылы ғылыми кадрларды, резидентурада медициналық мамандарды даярлау, хирург-дәрігерлер мен басқа сала дәрігерлерінің біліктілігін арттыру, мамандандырудан, қайта даярлаудан өткізу.
- Қоғамның Жарғысына сәйкес басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыру.
Құжаттарды бұрын жемқорлық құқық бұзушылық әрекеті үшін жауаптылыққа тартылмаған және келесі біліктілік талаптарына сәйкес келетін барлық ниет білдірген азаматтар, сонымен бірге шетелдік азаматтар да тапсыра алады:
Білім:
Медицина саласындағы жоғары білімінің болуы, сонымен бірге экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында екінші жоғары білімінің немесе «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті», «Менеджмент» немесе «Медицина» (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған адамдар үшін), «Бизнес әкімшілендіру», «Іскерлік әкімшілендіру», «Экономика», «Қаржы және кредит» мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің немесе ғылыми дәрежесінің/PhD докторы дәрежесінің болуы
немесе
экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында жоғары білімінің және «Қоғамдық денсаулық сақтау» немесе «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы;
Жұмыс тәжірибесі:
Денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы, соның ішінде:
- Қызмет аумағын және күрделілігін аталған ұйыммен салыстыруға болатын медициналық ұйымның (клиниканың) бірінші басшы қызметіндегі 3 жылдан кем болмайтын тәжірибесі (мүмкіндігінше);
- Қызмет аумағын және күрделілігін аталған ұйыммен салыстыруға болатын компанияның Директорлар кеңесінің не/немесе Қадағалау кеңесінің төрағасы/мүшесі ретіндегі тәжірибесі (мүмкіндігінше);
- Компания қызметінде ауқымды қайта құруларды жүзеге асырудағы нәтижелі тәжірибесі (мүмкіндігінше);
- Бизнес-процестерді стандарттау, оңтайландыру және автоматтандыру саласында нәтижелі тәжірибесі (мүмкіндігінше);
- Компанияда озық технологияларды енгізу тәжірибесі (мүмкіндігінше);
- Пациентке бағытталған мәдениетті енгізу тәжірибесі.
Біліктілік, дағдылар:
- Стратегияны айқындау, бірнеше қызмет пен процесті жоспарлау және интеграциялау деңгейіндегі дәлелді басқарушылық дағдылардың болуы;
- Медициналық қызметтерді тиімді көрсету, клиникалық базаны ұйымдастыру және персоналды дамыту саласындағы үздік тәжірибелер мен технологияларды меңгеру;
- Қызметті үздіксіз жетілдіру, бизнес-процестерді стандарттау, оңтайландыру және автоматтандыру саласындағы біліктілік, бизнестің шұғыл және ұйымдық үлгілерін меңгеру;
- Ғаламдық салалық трендтерді білу, Қазақстан Республикасының және аталған ұйымның серіктес елдерінің нарық жағдайларын меңгеру;
- Жұмыс барысында басқа компаниялар мен бизнестің басқа салаларының озық тәжірибелерін пайдалана білу;
- Келіссөз жүргізу дағдылары (сендіре білу, өзара тиімді іске бағдарлау) және дамыған қарым-қатынас дағдылары (басшылармен және еңбек ұжымымен байланыс);
- Жергілікті және халықаралық деңгейде жоғары деңгейдегі денсаулық сақтау желілерімен кең байланыс орнату (мүмкіндігінше)
- Ағылшын тілін еркін меңгеру.
Құзіреттіліктер:
- Күрделі мәселелерді шешу;
- Команда құру және дамыту;
- Кәсіби мамандарды іздеу және тарту;
- Өзара тиімді серіктестік құру;
- Өзгерістерді басқару;
- Көшбасшылық.
Үміткерлер келесі құжаттарды электронды және қағазға басылған түрде тапсырулары тиіс:
- Іріктеуге қатысу туралы өтініш;
- Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі түйіндеме фотосуретпен;
- Білімі, біліктілігі, арнайы білімі және кәсіби даярлығы, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері;
- Жеке куәліктің (төлқұжаттың) көшірмесі;
- Белгіленген тәртіппен берілген сотталғандығы немесе сотталмағандығы туралы анықтама;
- Соңғы үш жылдағы қызметінің нәтижесі (жеке жетістігі);
- Акционерлік қоғамды алдағы 5 жылда дамыту болашағы туралы жоспары .
Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде келесі мекен-жай бойынша қабылданады: Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 ғимарат, 108 кабинет. Анықтама алу үшін телефон: 3387080, электронды пошта [email protected]
Сұхбат жүргізу уақыты мен орны:. Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 ғимарат
Ескерту. Бастапқы скринингтен (алдын-ала таңдаудан) өткен үміткерлер «ҚазҰМУ» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі бекіткен Комисияда сұхбаттасудан өтеді.