БАЛАЛАР ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРЫ КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ М.Ғ.Д.,ПРОФЕССОР А.Қ. ҚАТАРБАЕВТЫ 60 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАУ
Қатарбаев Әділ Қаирбекұлы,
ҚР ДСМ «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» ШЖҚ РМК–ның балалар жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі, профессор, медицина ғылымының докторы
Қарағанды мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетін бітірген соң, 1991-1993жж. осы оқу орнының балалар жұқпалы аурулар кафедрасында клиникалық ординатураны өтті. 1993-1996ж.ж. Алматы мемлекеттік медицина институтының балалар жұқпалы аурулар кафедрасында аспирантурда оқып, 1996ж. «14.00.10–жұқпалы аурулар» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын, ал 2000-2003 ж.ж. осы оқу орнында докторантурға түсіп, «14.00.07-гигиена және 14.00.10-жұқпалы аурулар» мамандықтары бойынша докторлық диссертациясын қорғап шықты. 2003 жылдан бастап ҚазҰМУ балалар жұқпалы аурулар кафедрасында ассистент, доцент қызметінде болып, 2014 жылдан бері осы кафедраның меңгерушісі болып қызмет атқарады. 2012-2014ж.ж. ҚазҰМУ-нің педиатрия бойынша оқу департаментінің –директоры, 2017 – 2020жж. Педиатрия факультетінің деканы лауазымында қызмет етті.
Халықаралық ҒТП жетекшілік етті: «Медико-демографических исследования Казахстана» (Macro International Inc., USA), «Причины младенческой и детской смертности в Казахстане» (ЮНИСЕФ) және ҚР ДСМ деңгейіндегі ҒТП емдік тамақтану жолдарын зерттеу бойынша. Халықаралық ҒТП «ТЕМПУС» және басқа да ҚР ОҒМ мен ҚР ДСМ деңгейінде жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстарына қатысты. Германияда «Global Research Initiative-2014» лауреаты болған. 100 аса ғылыми мақалалар мен тезисттерді, 3 монографияны (басқа авт. бірге), 3-оқу әдістемелік құралдары, 5 оқу-әдістемелік ұсыныстарды (басқа авт. бірге) баспа арқылы шығарған.
Жоғарғы білікті дәрігер ретінде емдік және дәрігерлік кеңестерді жүргізеді. Алматы қ. Денсаулық сақтау Басқармасының штаттан тыс балалар инфекционисті болып қызмет атқарады. Денсаулық сақтау саласы бойынша, әр түрлі патологиясы бар, аса күрделі науқастарға дәрігерлік кеңестік көмек көрсетіп келеді. Алматы қ. Денсаулық сақтау Басқармасымен бекітілген балалар инфекциясы бойынша аймақтық 28 клиникалық протоколдар дайындаған.
Атқарған еңбегі үшін: «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен және ҚазҰМУ, ҚР ДСМ «Алғыс хатымен» марапатталған, Қазақстан дәрігерлері және провизорлар Ассоциациясы, Алматы қаласы балалар қалалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы, Алматы кәсіподағы тұрғысынан Құрмет грамоталарымен бірнеше рет марапатталған.
Бүгінде ұжымда үлкен беделді, тәжірибелі үздік маман.
Әділ Қаирбекұлын 60 жасқа толған мерейтойымен шын жүректен құттықтай отырып, жүрек жарды жылы лебізімізді білдіреміз.Еңбекте толағай табыстарға, мақсаттарыңыздың биік шыңдарына жете беруіңізді тілейміз. Деніңіз сау, жүзіңіз жарқын, ғұмырыңыз ұзақ та, мағыналы болсын деген ізгі ниетпен Сізге бақыттың баяндысын, дәулет – ырыстың берекесін тілейміз. Әрқашан мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын!!!
Ізгі ниетпен: Балалар жұқпалы аурулары кафедрасының ұжымы!!!