«Балаға мейіріммен қарайтын аурухана» жобасы аясында Ана сүтімен қоректендіруді қорғау, қолдау және ынталандыру» (BFHI) бағдарламасы
«Балаға мейіріммен қарайтын аурухана» жобасы аясында Ана сүтімен қоректендіруді қорғау, қолдау және ынталандыру» (BFHI) бағдарламасы ДДСҰ мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен аймақтық тренерлерді оқытудың I кезеңі 2025 жылдың тамызынан желтоқсанына дейін сәтті жүзеге асырылды.
Ұлттық жаттықтырушылар: С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің неонатология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы Н.С. Божбанбаева және С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің академик Т.Шарманов атындағы нутрициология кафедрасының қауымдастырылған профессоры А.Б. Чуенбекова, жүкті әйелдерге, жаңа туған және ерте жастағы балаларға көмек көрсететін медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған оқыту курстарын іске асырды.
I кезең аясында курстар 5 өңірде өткізілді: Алматы қаласы, Алматы облысы (Қонаев қ.), Атырау облысы (Атырау қ.), Жетысу облысы (Талдықорған қ.) және Қызылорда аймағы (Қызылорда қ.).
Бұл кезеңнің мақсаты – «Сәтті емізудің 10 қадамын» жергілікті деңгейде өздігінен жүзеге асыратын, бақылауға қабілетті аймақтық жаттықтырушылардың тұрақты желісін құру болды.
Барлық семинарлар аймақтың перинаталдық орталықтары мен орталық қалалық ауруханалары базаларында офлайн форматта өткізілді. Семинардың формасы интерактивті, үнемі кері байланыс, топтық жұмыс, рөлдік ойындар (муляжды пайдалану) түрде және «Ана мен бала» бөлімшелерінде емізуді бағалау дағдыларын міндетті түрде дамытуға бағытталды. Семинар Алматы, Жетысу, Атырау және Қызылорда облыстарында мемлекеттік тілде, ал Алматы қаласында орыс тілінде өткізілді.
Бес өңірде 141 аймақтық жаттықтырушы оқытылып, сертификатталды.


