Баршаңызды Қазақстан Республикасының басты мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Құрметті Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің қызметкерлері, әріптестер, студенттер, достар!
Баршаңызды Қазақстан Республикасының басты мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы ұлы арманы орындалған мәртебелі күн. Өткен жылдар ішінде Қазақстан бәсекеге қабілетті заманауи қоғам құрудың даңғыл жолына аяқ басып, кең ауқымды жаңғыртудың үдерісінен өтті. Біз жарқын болашақтың негізін қалауға мүмкіндік берген өткен жылдарды, атқарылған істерді тебіреніспен есімізге аламыз.
Осы жылдар ішінде Қазақ ұлттық медицина университетінде 37 мыңнан астам дәрігер дайындалды. Олардың ішінде 35 мың бакалавр деңгейіндегі педиатрлар, стоматологтар, денсаулық сақтау менеджерлері, дәрігер-гигиенистер, медициналық-профилактикалық іс мамандары мен медбикелер, жалпы медицина мектебінің түлектері, фармация мамандары және шетелдік студенттер бар. Сонымен қатар, медицина және денсаулық сақтау саласының 783 магистрі және 266 докторанты дайындалды.
Биыл Қазақ ұлттық медицина университетінің үлкен отбасында білім алушылар саны 15 мыңға дейін ұлғайды. Түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі 100 пайызға жетті.
Академиялық еркіндік университетке студенттерге арналған 84 жеке білім беру бағдарламаларын ұсынуға мүмкіндік берді. Медициналық білім беру саласындағы әлемдік көшбасшылармен, серіктестермен 9 бірлескен білім беру бағдарламасы әзірленді, екі қос дипломдық бағдарлама жұмыс істейді. Сегіз бакалавриат, 27 магистратура, 5 докторантура және 46 резидентура мамандықтары бар.
Әлемнің 29 елінен келген 2561 шетелдік студент білім алу үшін Қазақ ұлттық медицина университетін таңдауы әлемдік қоғамдастықтың жоғары сенімін дәлелдейді – бұл Қазақстандағы ең жоғары көрсеткіш.
2022 жылы Қазақ ұлттық медицина университеті 2462 жуық әлемдік жоғары оқу орындары арасында QS World University Ranking әлемдік университеттерінің элиталық рейтингінің құрамында 651-700 позициясын иеленді. Сонымен қатар ҚазҰМУ медициналық жоғары оқу орындары арасында «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК және Білім мен ғылымды дамыту орталығының рейтингінде бірінші орынға, Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (НAAР) – 2021 ҚР жоғары оқу орындары қажеттілігінің Ұлттық рейтингінде бесінші орынға қол жеткізді.
ҚазҰМУ бакалавриат бағдарламалары Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігімен (НААР) елдегі ең үздік деп танылды. Бізде Қазақстандағы ең үздік фармация, мейірбике ісі, медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық іс бойынша магистратура бағдарламалары, фармация, медицина, қоғамдық денсаулық сақтау докторантура бағдарламалары бар.
Қазақ ұлттық медицина университетінде шілде айында 15 жыл ішінде алғаш рет педиатр-дәрігерлер оқуын тәмамдады. ҚазҰМУ педиатрия мектебінің 138 түлегіне дипломдар табысталды.
Бұл жетістіктердің барлығы Қазақ ұлттық медицина университетінінің ынтымағы зор ұжымының қолдауының айқын көрінісі. Бұл Сіздерге тән еңбекқорлық пен іскерліктің, білім беру мен денсаулық сақтау жүйелерін дамытуға және қазақстандық қоғамның игілігі жолында еңбек етуге әрдайым дайын болуларыңыздың арқасында мүмкін болды демекпін.
Біз биыл Тәуелсіздік күнін алдағы жылдарға жаңа жоспарлар мен жаңа үміттер арта қарсы аламыз. Алдымызда осы күнге дейін қол жеткізілген жоғары жұмыс қарқынын сақтап қана қоймай, жаңа биіктерге, жаңа жетістіктерге ұмтылу міндеттері тұр. Әрқайсымыз ортақ іске – Жаңа Әділетті Қазақстанды құруға өз үлесімізді қосуды тілеймін!
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміздің еңсесі биік болсын! Баршаңыздың отбасыларыңызға амандық пен татулық тілеймін!