БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ: Санжар Асфендияров зиратында мемориалдық кешен орнатылады
Алматы, Қазақстан – С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті еліміздегі алғашқы медициналық жоғары оқу орнының негізін қалаушы, ғылым мен білімнің көрнекті қайраткері Асфендияров Санжар Жапарұлының құрметіне арналған мемориалдық кешеннің салтанатты ашылуы туралы хабарлайды.
Салтанатты рәсім 2024 жылдың 18 қазанында сағат 10:00 Алматы облысы, Жаңалық ауылында орналасқан Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің аумағында өтеді. Мемориалдық кешеннің ашылуы Санжар Асфендияровтың туғанына 135 жыл толуымен тұспа-тұс келіп отыр. Санжар Асфендияров – Қазақстандағы медициналық білімнің негізін қалаушы, Қазақ ұлттық медицина университетінің тұңғыш ректоры.
Мемориалдық тақта ұлы ұстаз мәңгілік тыныс тапқан жерге қойылады. Бұл мемориал оның өмірі мен еңбегіне деген құрмет пен естеліктің белгісіне айналып, болашақ дәрігерлер мен ғалымдар үшін шабыт көзі болмақ.
Қазақ ұлттық медицина университеті барша қауымды осы маңызды шараның бір бөлігі болуға және көрнекті педагог әрі ғалымның рухына тағзым етуге шақырады.
Өтетін күні мен уақыты: 2024 жыл 18 қазан, сағат 10:00
Өтетін орны: Алматы облысы, Жаңалық ауылы, Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі
Қосымша ақпарат пен аккредитация үшін: Әділ Өнербаев 87077888308, Марина Тян +7 777 700 0700
**С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ туралы
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті – медицина және денсаулық сақтау саласында жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған Қазақстанның жетекші медициналық жоғары оқу орны.
—
Сіздерді салтанатты рәсімде көруге қуаныштымыз!