«Бағаналы жасушалар технологиясы аймағындағы ғылыми зерттеулерге арналған гранттар 2016» байқауы
Америка репродуктивті медицина қоғамы (American Society For Reproductive Medicine) «Бағаналы жасушалар технологиясы аймағындағы ғылыми зерттеулерге арналған гранттар 2016» байқауын жариялайды.
Америка репродуктивті медицина қоғамы, Азия- Тынық мұхиты биомедициналық зерттеулер қорымен қаржыландырылатын «Бағаналы жасушалар технологиясы аймағындағы ғылыми зерттеулерге арналған гранттар – 2016» байқауын жариялайды. Мақсаты – регенеративті медицина және бағаналы жасушалар технологиясы саласындағы инновациялық зерттеулерді алғашқы капиталмен қамтамасыз ету. Гранттық қаржы көлемі: $20 000. Қаржы емделушілер шығындарына, техникалық көмекке, зертханалық заттарды алуға қолданылады, бірақ жанама шығынды өтеу қарастырылмаған.
Өтініш беру мерзімі: 2016 жылдың 2 наурызына дейін.
Толық ақпарат алу үшін төмендегі сілтемемен жүріңіз.
https://www.asrm.org/KY_Cha_Award/
Барлық сұрақтар бойынша ҒЗЖ менеджменті және инновациялар бөліміне хабарласыңыздар (7128)