Белгілі ғалым, қоғам қайраткері Оразалы Сәбденмен кездесу өтті
2017 ж. 1-ші наурызында ҚазҰМУ-дың Даңқ Залында Этикалық Кеңес және Стоматология факультетінің ұйымдастыруымен шығармашылық, авторлық кездесу өтті. Кешіміздің арнайы қонағы Қазақстан ғалымдары одағының Президенті , 4 мәрте ҚР Парламентінің депутаты, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, экономика ғылымдарының доценті, академик Оразалы Сәбден болды. Кездесуге бірінші проректор, профессор Муканов К.Н., Ректордың кеңесшісі, Этикалық кеңесінің төрайымы Мустафина Ж.Г., Стоматология факультетінің деканы, д.м.н. Аманатев Б.А., профессорлық оқыту құрамы, факультеттің студенттік ұйымы және студенттері қатысты. Кешімізді бірінші проректор, профессор Канатбек Нұртазинұлы алғы сөзімен ашып берді. Қазақтың қандай той, жиыны болмасын күйсіз басталмайтыны белгілі емес пе, сондықтан да 6 курс интерні Кобеков Сағындықтың орындауындағы күй орындалды.
Кешіміздің қонағы екі үлкен тақырыпқа тоқталып өтті:
1. « Абай Қазақстанның болашағы және әлемдік цивилизация!»
2. « Концепция стратегии выживания человечества XXI века и
продовольственная безопасность».
Оразалы Сәбден “Біз қайда бара жатырмыз?”, “Бізді не қызықтырады” деген өзекті сұрақтар төңірегінде жан жақты талқылап, қазіргі таңда еліміздің болашағы үшін жаңа идеялар, тың жобалар ауадай қажет екенін нақтылып айтып өтті. Сонымен қатар қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өлең шумақтарын келтіре отырып, оның әрбір жыр шумағы біздер үшін ақыл кеңес, жол көрсетер бағыт және болашаққа қадам бастауға ең қажетті сөздер екенін насихаттады. О.Сәбден XXI ғасырдағы моральдік қатынастың қағидаттарын атап көрсетті. Академикке әр түрлі тақырыптарда сұрақтар қойылып, түсінікті әрі қысқа түрде жауап берді.
Кездесу экономика кафедрасының оқытушысы Халықов Максаттың орындауындағы “Туған ел” әнімен жабылды.
Кеш соңында Стоматология факультетінің деканы Бақанай Амантайұлы кешіміздің қонағына “алтындай” уақытын бөліп келіп, жастармен өткізген маңызды сұхбаты үшін алғысын айтып,арнайы сыйлық табыстады.