Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы
Балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына – 100 жыл толуына орай химия кафедрасының оқытушылары Д.Т. Балпанова, Г.А.Алдибекова, И.А.Куксина, Ж.Көркембай студенттермен тәрбие сағатын өткізді. Шараның мақсаты студенттерге әйгілі қаламгердің өмір олы мен шығармашылығын тереңдей таныстыру арқылы дара тұлғаның өнегелі стерін нәсиқаттау, жастардың рухани, мәдени өресін көтеру.
Балалар әдебиетінің классигі, қазақтың классик жазушысы, балалар әдебиетіне өлшеусіз үлес қосқан тұлғаның ел жадында сақталған “Менің атым Қожа, Балалық шаққа саяхат, Өлгендер қайтып келмейді” сынды жирмаға жуық балаларға арналған көркем туындылары бар. Есімі көптеген түркі елдеріне белгілі болған қаламгердің шығармалары әлемнің көптеген тіліне аударылған. Бердібек Соқпақбаевтың жылдар өткен сайын жарқырап көрінетін шығармалары өскелең ұрпақтың жүрегін тербеп, жанына қуат берері анық. Өлгеннің қайтып келмесін айтып, артына өлмес мұра қалдырған қаламгер, елдің ертеңін ойлап, ақылын айтып, шығармаларында әлеуметтік шындықты көтерген. Өмірдің боямасыз шындығынан алынған қуатты шығармалары әлі де жас буынның құмарта оқып рухани лазат алатын құнды материалы болып қала бермек. Сондықтан айтулы датаға байланысты өткізілген бұл тәрбие сағаты студенттердің рухын көтеріп, өмірге деген құлшынысын арттыратыны сөзсіз.