Болашақ педиатрлар «Шаңырақ» орталығының тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады
2025 жылдың 17 желтоқсанда «Шаңырақ» әлеуметтік қызметтер орталығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған қайырымдылық іс-шара өтті. С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің педиатрия мектебінің ұжымы ұйымдастырды. Іс-шара СДФ мектебінің 1-3 курс белсенді студенттері қатысатын әлеуметтік еріктілік бағдарламасының бір бөлігі болды.
Концертке дайындық алдын ала басталды: балалар репертуарды мұқият таңдап, музыкалық нөмірлердің, хореографиялық және театрлық қойылымдардың дайындықтарын оқудан кейін жасады. Студенттердің басты міндеті қарттар үшін қуаныш, жайлылық пен көңіл сыйлау болды. Концертте өткен жылдардың сүйікті әндері орындалды, «Құдаша» биі ұсынылды, өлең шумақтар оқылды.
Әсіресе, концерт қатысушыларына өз қолдарымен дайындаған кәдесыйлар – белсенді студенттердің құттықтаулары мен жылы сөздері жазылған ашық хаттар табыс етілді. Қарт көрермендер электр-шәйнектер түріндегі сыйлықтарды қуанышпен қабылдады, оларды педиатрия мектебінің қызметкерлері мен ПОҚ қаржыландыруымен алынды. Мұндай іс-шараларды өткізу аға ұрпаққа қуаныш әкеліп қана қоймай, студенттерге қамқорлық көрсетуге және әлеуметтік қызметте баулиды. Барлық қатысушыларға мейірімділігі мен қамқорлығы үшін рахметімізді білдіреміз!








