Бос білім беру гранттар бойынша конкурс
«С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде «бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін босаған бос білім беру грант бойынша конкурсы
«С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ ақылы негізінде білім алушыларға, жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттарын тағайындау конкурсына (Қосымша 1) қатысуға тілек білдірушілер 2023 жылдың 16 мамырынан 2023 жылдың 16 маусымына дейін білім беру гранты бойынша оқуға өтініш беруі қажет:
– ЖОО басшысының атына өтініш жазу және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тіркеу (құжаттарды деканатқа тапсыру қажет);
– «Сириус»-тағы жеке кабинеті арқылы «Білім грантына өтініш беру» қосымшасынан өтініш беру.
С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-гі босаған бос білім беру гранттының саны 15.05.2023 ж.
№ | Мамандығы | Оқу деңгейі | курсы | Босаған грант саны |
В086-Жалпы медицина | бакалавриат | 1 | 2 | |
В086-Жалпы медицина | бакалавриат | 3 | 4 | |
В088-Педиатрия | бакалавриат | 2 | 2 | |
4. | B072-Фармацевтикалық өндіріс технологиясы | бакалавриат | 1 | 5 |
5. | B072-Фармацевтикалық өндіріс технологиясы | бакалавриат | 2 | 13 |
6. | B072-Фармацевтикалық өндіріс технологиясы | бакалавриат | 3 | 1 |
7. | М139 – Денсаулық сақтаудағы менеджменті | магистратура | 1 | 1 |
Жалпы саны: | 28 |