Бос лауазымның атауы: Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау басқармасының терроризмге қарсы қауіпсіздік және бейнемониторинг бөлімінің басшысы – 1 бірлік
«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ бос лауазымға орналасуға кандидаттардың ізденісін жариялайды
Бос лауазымның атауы:
Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау басқармасының терроризмге қарсы қауіпсіздік және бейнемониторинг бөлімінің басшысы – 1 бірлік.
Негізгі талаптары:
- Кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), жоғары заң (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімінің болуы.
- Бөлімше қызметінің бейіні бойынша кемінде 3 (үш) жыл және/немесе қауіпсіздікті қамтамасыз ету желісі бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 1 (бір) жыл жұмыс өтілі.
- ҚР арнайы қызметтерінде және/немесе Құқық қорғау органдарында жедел-іздестіру жұмысының тәжірибесі болғаны жөн.
Келесі құзыреттердің болуы: базалық нормативтік құжаттардың талаптарын, терроризмге қарсы, физикалық және мүліктік қауіпсіздікті қамтамасыз ету негіздерін, қолжетімділікті басқару және бейнебақылау жүйесінің жұмысын білу; жоспарлау, болжау, процестерді басқару саласында жұмыс тәжірибесінің болуы.
Үміткерлердің түйіндемелері хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 корпус, 104 кабинет мекенжайы бойынша немесе [email protected] электронды поштасы арқылы қабылданады.
Қосымша ақпаратты 87273387080, ішкі 7021, 7022 телефоны арқылы алуға болады.