Бухарадағы академиялық ұтқырлық: тәжірибе мен білім алмасу
Университетіміздің оқытушылары мен студенттері академиялық ұтқырлық аясында Өзбекстан Республикасы, Бухара қаласындағы Абу Али ибн Сина атындағы Бухара мемлекеттік медициналық институтында болып қайтты.
Сапар барысында биологиялық қауіпсіздік бойынша бірлескен білім беру бағдарламасы жүзеге асырылып, дәрістер, тәжірибелік сабақтар, мәдени алмасу және ғылыми кездесулер ұйымдастырылды.
Халықаралық әріптестік орнатылып, Қазақстан, Өзбекстан және Ресей елдерінің қатысуымен бірлескен жобаны іске қосу жоспарлануда.