«Біз есірткісіз –салауатты өмір таңдаймыз»
2023 жылғы 13 ақпанда ҚазҰМУ Ғылыми кітапхана және АИТВ-жұқпасы курсы бар эпидемиология кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамының ұйымдастырумен нашақорлықтың алдын алуда нарколог дәрігермен кездесу өтті.
Кездесуге Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығының 2 және 3 курс студенттері қатысты. Тәжірибесі мол нарколог дәрігер Камила Асқаровна есіртілерді пайдалану белгілі бір биологиялық, психологиялық және әлеуметтік факторлардың әсерінен көрінетін күрделі құбылыс құбылыс болып табылатын, сонымен қатар спайс сияқты синететикалық наркотикалық заттардың кең қолданыста екенін және оның үнемі жаңа түрлерінің пайда болуы салдарынан тиым салынған заттар қатырының әрдайым жаңарып отыратындығын туралы баяндады. Студенттерге нашақорлықтың негізгі белгілері, есірткі түрлері, есірткінің зияны, нашақорлықтың алдын алу туралы мағлұматтар берді. Осы есірткі пайдалану салдары жіті улануларға, тіпті өлімге әкеліп соқтыратын және дәрігерлер сол кезде қандай есірткі түрін анықтай алмағандықтан нақты көмек көрсете де алмайтындығын атап өтті. Қазіргі таңдағы нашақорлық бойынша Қазақстандағы статистикалық мәліметтерге тоқталып, және өз тәжірибесіндегі келеңсіз оқиғалар туралы баяндап берді. Есірткіні қолданудың алдын алуға ерекше назар аударылды, жастарды есірткіні қолдануға итермелейтін себептер, физикалық және психикалық денсаулық салдары талқыланды. Сөз соңында, сала маманы жастарға нашақорлық жайлы бейнефильмді ұсынды. Студенттер сұрақтар қойып, пікір алмасты.
Студенттер өз тарапында нашақорлықтың әлеуметтік алдын алудың өзекті теориялық және қолданбалы мәселелері қозғады. Қазақстанның қазіргі жастарының өмір салты, елдегі нашақорлық деңгейі талқыланды, статистикалық көрсеткіштер келтірілді. Сондай-ақ, нашақорлық пен жасөспірімдер қылмысы, кәмелетке толмағандардың есірткіге тәуелділігін қалыптастыруға ықпал ететін факторлар туралы айтылды. Студенттер осы зиянды әдеттен аулақ болу үшін бос уақытты спортпен шұғылдануға, білім алуға, ғылымға бет бұруға және т.б. пайдалы істермен айналысуға жұмсау қажеттігі туралы атап өтті. Студенттер осы нашақорлықпен күресуде өздерінің жасаған эмблемасын ұсынды.
Кітапхананың анықтама-библиография бөлімінің меңгерушісі С. А. Елекенованың студенттерге кең көлемді «Нашақорлық пен есірткі бизнесмен күресі» атты кітап көрмесімен таныстырды.
Тәрбие жұмысына жауапты Ж.Б.Бейсенбинова кездесуді қорытындылай келе нашақорлықтың алдын алу, жастарды қоғамдағы жат қылықтардан сақтандыру үшін салауатты өмір салтын насихаттай отырып, студенттерді осы қоғам дертімен күресуге белсенді ат салысуға шақырды шақырды.