Біз жемқорлықсыз орта жасаймыз
07.12.2023 ж. биохимия кафедрасында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай «Біз жемқорлықсыз орта жасаймыз» атты плакаттар конкурсы өткізілді. Конкурсқа жалпы медицина, ХМФ, педиатрия және стоматология мектептерінің 2 курс студенттері қатысты.
Конкурстың мақсаты:
1. Студенттердің бұл тақырыпқа байланысты өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту, ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту;
2. Студенттерді әділдікке тәрбиелеу, патриоттық тәрбиені қалыптастыру;
3. Сыбайлас жемқорлық туралы түсінік беру.
«Сыбайлас жемқорлық» деген түсінік – Рим құқығында «corrumpire» түсінік болған, ол “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Сыбайлас жемқорлық б.з.б. IV-III-мыңжылдықтарда Алдыңғы Азияда Шумерліктерде, Мысыр, Үндістан, Қытай, Иудей халықтарында пара алу түсінігі болған. Карфаген, Рим империясы, Византия, Осман империясы секілді өз заманының құдіретті мемлекеттерінің ыдырап, жойылып кетуінің ең басты себептерінің бірі осы сыбайлас жемқорлық.
Өкінішке орай, «Сыбайлас жемқорлық» Қазақстан Республикасын да айналып өткен жоқ. Қылмыстың бұл түрінің біздің қоғамымыздың да барлық саласына тамыр жайып кеткені жасырын емес. Ең қауіптісі, ол білім беру, медицина сияқты ізгілікті діттеген салалардан бастап құқық қорғау органдарына дейін бой көрсетіп жүр.
Комиссия шешімі бойынша, 25 плакаттардың ішінен идеясы, мазмұны, көркемділігі және медицинаға жақындығы бойынша:
Бірінші орын – Мед22-042р, Мед22-023к, Мед22-007к топтарының плакаттары;
Екінші орын – Med22-063a, Мед22-043р, Мед22-047р топтарының плакаттары;
Үшінші орын – СТ22-037р, Мед22-018к, Мед22-012к, Мед22-061р топтарының плакаттары.
Көптеген топтардың ішінде доцент К.А.Булыгиннің студенттері ерекше белсенділік көрсетті, оларға кафедра атынан ерекше ризашылығымызды білдіреміз!
Құрметті студенттер, еліміздің бақытты болашағы, заң мен әділдікке, билікке деген сенімге сызат түсірмеу үшін, әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап, мақсатты нәтижелерге жету үшін, өз мүмкіншіліктерімізді пайдалануға тырысайық!
Конкурсты ұйымдастырған: доцент Ерджанова Сара Сайд-Алиевна, доцент Есімжан Алтын Есімжановна, лектор Ерболова Лаура Сериккановна және биохимия кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы.