Біз салауатты өмір сүреміз
КЕАҚ С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің нутрициология кафедрасы мен профилактикалық медицина курсының оқутышылары мен ҚРМУ –нің «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 4 курс студенттері арасында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында волейбодан өткізген жарысының есебі.
«Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша кешенді іс-шаралар жоспарына сәйкес іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында 27.11.2019 жылы КЕАҚ С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ мен ҚРМУ –нің «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 4 курс студенттері арарсында «Біз салауатты өмір сүреміз!» тақырыбында воллейболдан жарыс өткізілді. Спортакиадаға КЕАҚ С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің нутрициология кафедрасы мен профилактикалық медицина курсының оқутышылары: Текманова А.К., Кусайынова Э.И., Сейдуанова Л.Б, КРМУ-дің «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 4 курс студенттері мен гигиена және эпидемиология кафедрасының оқытушысы Махашов М. Ы. қатысты. Сонымен қатар біздің университетіміздің «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 1,2,3,4 курс студенттері қатысты.
Спортакиада Қазақстан Республикасының ән ұранымен басталды. Оқытушы Э. И. Кусайынова спортакиаданы «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының маңыздылығымен таныстыра отырып спартакиаданы ашық деп жариялады.
Спортакиада бағдарламасы:
- Спортакиадаға қатысушылары мен судья құрамымен таныстыру
- Негізгі бағдарламаны жүргізу.
- Жеңімпаздар мен қатысушыларды сыйлықтармен,мақтау қағаздары және сертификаттармен марапаттау.
Жарыс барысында ҚРМУ –нің «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының студенттері жүлделі орынға ие болды.Жарыс соңында доцент Текманова А.К студенттерді жеңістерімен құттықтады.қрму-нің оқытушысы Махашов.М.Ы КЕАҚ С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ мен ҚРМУ –нің ұжымына көп рахмет айта келе келесі жарысты өздерінің базазсында ұйымдастыратынын айтты.