БІЛІМ АЛУШЫЛАР НАЗАРЫНА!
«Нұр Отан» парптиясы «Жас Отан» Жастар қанаты Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, 2010 жылдан ұйымдастырушылық дағдылары мен лидерлік қасиеттерге ие кәсіби жастар пулын қалыптастыруға бағытталған «Жастар кадрлық резерві» жобасын іске асырып келеді.
Жобаны 2015 жылы да іске асыру кезең-кезеңімен жүргізіледі. Жоба аясында резервистерді интенсивті оқыту, кездесулер, тренингтер, дәрістер мен семинарлар, пікір алмасуларды өткізу жоспарлануда.
Жобаға еліміздегі – жасы 29-ға дейінгі студенттік өзін-өзі басқару ұйымының басшылары, студенттер мен жастар ұйымдарының басшылары, сонымен қатар кез-келген мекемедегі қызмет атқарып жүрген жастардың қатысу мүмкіндігі бар.
Қатысушылар жобаға www.reserv.kz сайты арқылы 2015 жылдың 31 шілдесіне дейін тіркеле алады.
Үстіміздегі жылдың 24 тамыз бен 24 қыркүйек аралығында еліміздің 16 аймағында байқау комиссиясының әңгімелесу өткізуі және жобп,п қатысушыларды іріктеуді жүргізуі жоспарланып отыр.
Қазан айында Астана қаласында өтетін оқу модуліне үздік көрсеткішке ие азаматтар жіберілетін болады.
Толық ақпаратты 8 (7172) 707 649, 8 (7272) 254 901 телефондары арқылы білуге болады.