Білім бастауы тәрбие
25 қазан күні тәлімгерлер мен жетекшілер кеңесінің отырысы болып өтті. Жиынға стратегиялық және корпоративтік даму жөніндегі проректоры У.Датхаев, академиялық жұмыстар департаменті мен жастар саясаты басқармасының басшылары мен қызметкерлері қатысты. Кеңес мүшелері жаңа оқытушылармен толықтырылып, жаңартылған.
Отырыс барысында стратегиялық және корпоративтік даму жөніндегі проректоры У. Датхаев, білімді, тәрбиелі, бәсекеге қабілетті, дүниетанымдық ой-өрісі кең жастарды тәрбиелеуде тәлімгерлердің алатын орны мен белсенділігін атап өтіп, жұмыстарына табыс тіледі.
2018-2019 оқу жылына арналған Университеттің әлеуметтік-тәрбие жұмыстарының кешенді жоспары және ҚР Президенті Н. Назарбаевтың кезекті жолдауын жүзеге асыру бойынша өткізілетін іс-шаралар және оған қойылатын міндеттер мен талаптар талқыланды. Академиялық кеңес берудегі өзгерістер түсіндіріліп, пікір алмастырылды. Университет білім алушыларының Ар кодексінің жаңартылған жобасы талқыланып, бекітілуге ұсынылды. Жиынға қатысушылар қарастырылған барлық мәселелер бойынша қызу қатысып белсенділіктерін көрсетіп отырды.
Отырысты қорытындылай келе, жастар саясаты басқармасының басшысы Н. Жолдасбай, тәлімгерлер мен жетекшілер кеңесінің мүшелеріне «Жұмыла көтерген жүк жеңіл” дегендей, кез келген қиындықтарды бірлесіп жеңіп, жастар тәрбиесіне қойылған мақсаттарға бірге жететініне сенімділігін білдірді.
Жастар саясаты басқармасы