«Ата-аналар өз баласын вакцинациялаудан бас тарта отырып, баланың денсаулығын, құқықтарын шектейтінін атап өткен жөн. Жалпы егілмеген адам санының өсуі ұжымдық иммунитеттің төмендеуіне және халық арасында вакцинамен басқарылатын инфекциялық аурулардың таралуына алып келеді», – дейді министр.
«Республикамызда қызылшаның өршуі кезінде 13 800-ден астам жағдай, балалар арасында 9 887 жағдай тіркелді. Сырқаттанушылық 83,4 пайызы егілмеген балалар арасында тіркелді. 2018 жылғы 1 қарашадан бастап 2019 жылдың аяғына дейін – 8 244 бала. Халықтың арасында вакцинамен басқарылатын инфекциялар жағдайларын тіркеу осал топтарға жататын балалардың өміріне қауіп төндіреді», – деді ол.
Сонымен қатар, ведомство басшысы аталған норманы жұртшылықпен талқылау нәтижесінде профилактикалық екпелер мен міндетті және ерікті болып бөлінгенін еске салды.
«Міндетті профилактикалық егулерге жоспарлы профилактикалық егулер және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша профилактикалық егулер жатады. Жоспарлы вакцина алмаған балаларды мектепке дейінгі оқу мекемелеріне жіберу ұжымдық иммунитет шекті деңгейіне жеткен жағдайда мүмкін болады», – деді министр.
Толығырақ: https://aikyn.kz/birtanov-vakcinadan-bas-tartatyndardyng-balalaryna-qandaj-qawip-toenetinin-ajtty/