Бір жылда 4000-ға жуық қазақстандық аитв жұқтырған: Алматыда аурудың жаңа зерттеулері ұсынылды
Алматыда Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің қолдауымен «Қазақстандағы АИТВ-ға байланысты зерттеулер: қазақстандық зерттеушілердің жаңалықтары» атты конференция өтті.
Конференцияда Қазақстандағы АИТВ эпидемиологиясы бойынша деректер, Қазақстанда PrEP (АИТВ жұқтыру қаупін төмендететін препарат) енгізу туралы, АИТВ-мен қатар жүретін ауруларды зерттеу ұсынылды және стигмамен күресті талқылады.
2022 жылдың қорытындысы бойынша елімізде инфекцияның 4 мыңға жуық жаңа жағдайы тіркелді, жалпы елде АИТВ оң мәртебесі бар 28 мың адам тұрады. Инфекцияның өсуі-жыл сайын – 11%.
ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов өз баяндамасында соңғы бірнеше жылда эпидемияның ошағы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдеріне ауысқанын атап өтті. Дүниежүзілік банктің мәліметінше, АИТВ/ЖИТС ауруларының жаңа жағдайлары санының әлемдегі ең жоғары өсу қарқыны байқалады. Сондықтан жаңа ғылыми зерттеулер жүргізу қажеттілігі артып келеді.
«Ғылым мен медицина бір орында тұрмайды, Қазақстанда осы вирусқа қарсы күресте жаңа тәсілдерді белсенді зерттеп, енгізуді жалғастыруда. Бұл жұмыста жоғары білікті кадрларды даярлау маңызды рөл атқарады. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті азайту да эпидемияға қарсы күресте басым міндеттердің бірі болып қала береді. Оған оқыту кезінде де баса назар аударылады», – деді ол.
Конференцияға SUNY Downstate медицина ғылымдары университетінің, Назарбаев университетінің, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ Дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының, Орталық Азиядағы жаһандық денсаулықты зерттеу орталығының және Алматының ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының өкілдері қатысты. SUNY американдық университетімен ҚазҰМУ берік байланыстар мен тығыз ынтымақтастыққа ие, оның ішінде АИТВ саласындағы ғылыми жобаларды жүргізу бойынша жіті байланыста.
«Кеше ғана біз алдымызда тұрған бірқатар басымдыққа ие сын-қатерлерді талқыладық. Ең алдымен бұл біздің оқытылған мамандарды біздің бірлескен бағдарламаларымызға, орталықтарымызда жиналатын деректерге сапалы талдау жүргізу үшін бағдарламаларға тарту. Біз университетіміздің базасында жаңадан құрылған Эндаумент қорының мүмкіндігін пайдаланамыз, ол да ғылыми зерттеулерді іске асыруға, сондай-ақ оқытушыларымыздың әлеуетін арттыруға қатысады және жәрдемдеседі», – деп атап өтті ҚазҰМУ ректоры.
Ключевые слова:
https://news kaznmu edu kz/kaz/бір-жылда-4000-ға-жуық-қазақстандық-аитв-ж/