«Бүгінгі сөз» бағдарламасы: Гастроэнтерологтің міндетіне не кіреді?
Шалқар Ұлттық арнасының «Бүгінгі сөз» бағдарламасында «Ішкі аурулардың қауіп-қатері мен емі» тақырыбында арнайы шығарылым өтті. Бағдарламаға Ішкі аурулар кафедрасының профессор көмекшісі, PhD докторы, жоғары дәрежелі терапевт, екінші дәрежелі гастроэнтеролог Намазбаева Жанар Ертайқызы және Медицина-2 мектебінің 4 курс, 024-тобының студенті Қуанышова Нұрсұлу Ахметжанқызы қатысты.
Бағдарлама барысында гастроэнтеролог маманның негізгі қызметі, ас қорыту жүйесі ауруларының диагностикасы, емдеу жолдары және олардың алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды. Сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) жұқпалы емес аурулардың алдын алу жөніндегі ұсынымдарына тоқталды. Атап айтқанда, күнделікті ас тұзын 5 граммнан асырмау, жеміс-жидек пен көкөністерді тұрақты түрде тұтыну сияқты дұрыс тамақтану қағидалары айтылды.
Бағдарламада тыңдаушылардың сұрақтарына жауап беріліп, ас қорыту жүйесінің денсаулығын сақтау жолдары жөнінде пайдалы мәліметтер ұсынылды.
Сонымен қатар Медицина-2 мектебінің 4 курс студенті Қуанышова Нұрсұлу Ахметжанқызы ас қорыту жүйесі ауруларының алдын алу жөніндегі көзқарасымен бөлісіп, дәрігер мамандығын таңдаудағы мақсаты туралы айтты. Болашақ дәрігердің белсенділігі мен кәсіби қызығушылығы медицина саласына деген жауапкершілігін көрсетеді.
Дереккөз: https://www.youtube.com/live/BETDHR_OiTo


