Бүгінгі таңда медициналық білім мәселелері бойынша посткеңестік аумақта Нұргүл Хамзинаға тең келерлік ешкім жоқ …
Бұл туралы ҚазҰМУ экс-ректоры Айқан Ақанов «Жанашыр» мемориалдық кешенінде жеке тақтаны ашу салтанаты барысында хабарлады.
«Материалдық-техникалық база мен руханилықты құру тұрғысындағы Университет дамуының сегіз жылдық кезеңі аяқталды. Енді білім сапасын арттыру мәселесін қолға алу керек. Бұл жағынан медициналық білім және ғылым мәселелері бойынша Нұргүл Қалиқызына тең келерлік маман жоқ. Басшылық жағынан Университеттің жолы болды деуге болады, ол жаны таза адам әрі біліктілігі өте жоғары маман, ол Назарбаев Университеттің білім беру технологияларын ҚазҰМУ-ға алып келеді. Бұл университеттің жаңа деңгейге шығуына септігін тигізеді. Біз Сізбен бір топта жұмыс жасаймыз, бәріміз сізге көмекші боламыз, және де ұжымның әрбір мүшесін Нұргүл Қалиқызына қолдау көрсетуге шақырамын», – деді Айқан Ақанов.
ҚазҰМУ Баспасөз қызметі