Бүкіләлемдік психикалық денсаулық мерекесі
Бүкіләлемдік психикалық денсаулық мерекесіне байланысты өткізілген семинар – тренингтің есебі.
Болашақ медицина қызметкерлерінің кәсіби және әлеуметтік бейімділігін дамытуға жағдай жасайтын тәрбие жұмысын ұйымдастыру, жоғары мәдениетті, адамгершілікті, шыныққан жоғары интелектуальды, азаматтық көзқарасы жоғары жастарды тәрбиелеу мақсатында 10 қазанда С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де университеттің этикалық кеңесі, Д.Драпер атындағы коммуникативтік дағдылар орталығының ұйымдастыруымен «Психическое здоровье – благополучие нации» атты семинар – тренинг өткізілді.
Дүниежүзілік психикалық денсаулық федерациясы, әлемдік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен, 1992 жылы 10 қазанды Халықаралық психикалық денсаулық күні деп жариялаған болатын. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, қазір жер шарындағы халықтың 25 пайызы түрлі жүйке ауыруларымен ауырады. Ал Қазақстанда әрбір төртінші адамға психиатр маманның көмегі қажет.
Бағдарлама бойынша ректордың кеңесшісі, профессор Ж.Г. Мустафина – «Здоровье нации – основа государства» атты баяндамасымен мерекені ашты. Коммуникативтік дағдылар кафедрасының меңгерушісі, профессор М. А. Асимов « Есть ли гигиена души ? » атты баяндама жасап мерекені жалғастырды.Кафедраның аға оқытушысы Кашаганова Г.Т.-«Студенттердің студенттік өмірге бейімделуі» атты баяндама жасады. Әрі қарай Д. Драпер атындағы коммуникативтік дағдылар орталығының жетекшісі Д.Х. Дощанов – «Психологическое здоровье в современном обществе» деген баяндамасын жасап, видеороликтерін көрсетті.
Мерекенің 2-ші бөлімінде студенттердің шығармашылық тақырыптық бағдарламасы көрсетілді. Мұнда «Радуга» атты тұлғалық дамыту клубының студенттері Е.А Жарылкап, Г. Н Байсары, К. Медведев , Д.Арыстанбеков белсенді ат салысты. Мереке кезінде кітаптар көрмесі қойылып, видеороликтер көрсетілді.