«Бұл вирустың құрылымы АИТВ-ға ұқсас» – белгілі эпидемиолог әлемді дүрліктірген коронавирус дерті жөнінде айтып берді
Еліміздің эпидемиология мектебінің негізін қалаушы және С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің құрметті профессоры Сәкен Әміреев жаңа коронавирустың неліктен әлемді дүрліктіргенін кеңірек түсіндіріп берді. Белгілі маманның мәліметтері бойынша, он елдің ішінде таралған инфекция химиялық құрылымы бойынша адамның иммунитет тапшылығы вирусына (АИТВ) қатты ұқсайды екен. Коронавирустың өзі бұрынырақ тіркелгені белгілі, 2012 жылы бұл аурудың өршуі араб елдерінде тіркелген болатын. Осы жылы вирус мутацияланып, анағұрлым агрессивті екен.
«Бұл вирус анағұрлым агрессивті, вирус адамнан адамға жұғып, тез тарап жатыр. Сондай-ақ, бұл вирус АИТВ инфекциясынның құрылымына және аминқышқылды құрамына ұқсас екен. Бұл індертке қарсы бізде ештеңе жоқ. АИТВ инфекциясын емдеу үшін қаншама ел миллиардтаған қаражат жұмсаған еді, соның өзінде оны толығымен емдеу мүмкін болмады. Бұл өте күрделі вирус. Бірақ, бұл тарапта біз вирусты жұқтырған адам ағзасының қалыпты жағдайын сақтауды үйрендік, бірақ вакцина әзірге жоқ. Қазірдің өзінде мамандар АИТВ инфекциясына арналған препараттардың коронавирусқа қарсы оң әсер беріп жатқанын айтуда», – деп атап өтті Сәкен Әміреев.
ҚазҰМУ-дың құрметті профессорының айтуынша, бірнеше ел коронавирусқа қарсы вакцина жасауға кіріскен. Ол препаратты әзірлеуге бір жарым жылдай уақыт кетеді, деп есептейді сарапшы. Эпидемиолог Сәкен Әміреев қазақстандықтардың коронавирусты алдын алуда және медицина мамандарының үйлесімді жұмысын ерекше атап өтті.
«Біздің ауруханалар толығымен дайын. Біз байқағанымыздай, індеттің ошағынан елге қайтарылғандарды 14 күнге карантинге жатқызады. Жалпы карантинде ұстау мерзімі екі аптаны қамтиды. Біз барлық белгілі жұқпалы аурулармен күресуде айтарлықтай жетістіктерге жеттік деп айтсам, артық айтқаным емес. Біз оларды уақытылы анықтап, нәтижелі емдей аламыз», – деді Сәкен Әміреев.
Соңғы мәліметтер бойынша, коронавирусты жұқтырғандардың саны 75 мыңнан асады. Коронавирустан 2 мыңға жуық адам қайтыс болып, 11 мың адам айыққан.
ҚазҰМУ-дың Баспасөз қызметі