«Бұл медициналық білімнің дамуында үлкен серпіліс болмақ» — Елжан Біртанов ҚазҰМУ-дың трансформациясы жөнінде
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «Медициналық білімнің, ғылым мен практикалық денсаулық сақтауды интеграциялау: ҚазҰМУ болашағының көкжиегі және мүмкіндіктері» атты конференцияға қатысып, Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің 88 жылдық мерейтойымен студенттерді, оқытушыларды және басшылықты құттықтады. Конференцияның спикерлері ретінде Литва Денсаулық ғылымдары университеті Сенатының Төрағасы Римантас Бенетис, Киото университеті жоғары медицина мектебінің Диабет, эндокринология және тамақтану департаментінің төрағасы және профессоры Нобуя Инагаки және ҚазҰМУ ректоры Талғат Нұрғожин қатысты.
«Университеттердің рөлі күн санап артып келеді. Мүмкіндікті пайдала отырып, Литва Денсаулық ғылымдары университеті Сенатының Төрағасы Римантас Бенетис пен Киото университеті жоғары медицина мектебінің профессоры Нобуя Инагакиге ерекше алғысымды білдіргім келеді. Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жж. арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында интеграциялау және интеграцияланған академиялық денсаулық сақтау жүйесін құру мәселесі қарастырылған. Қазіргі таңда біз бағдарламаның 75 атқардық, енді тек алдымыздағы жыл қалды. Барлық қойылған мақсаттарды орындау өте маңызды. Интеграцияланған академиялық жүйелер, сөзсіз, ең тиімді халықаралық тәжірибенің бірі болып табылады», – деді өз сөзінде Денсаулық сақтау министрі.
Министр ең үздік халықаралық тәжірибелерді қабылдау қажеттігін атап өтті.
«Мұнда Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп университеттердің академиялық автономиясына қатысты маңызды қадамдар жасалуда. Тиісті заңдар қабылданды. Енді министрліктің оқу бағдарламасын қалыптастырудағы рөлі азаяды», – деді министр.
Мысал ретінде министр ҚазҰМУ-да өтіп жатқан трансформацияны айтып өтті.
«Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университет бірінші болып коммерциялық емес акционерлік қоғамға айналды, осылайша үлкен экономикалық еркіндікке қол жеткізіп, барлық кірістер мен активтерді дербес басқара алатын болады. Сонымен қатар, бұл университетті тиімді басқару үшін еліміздің үздік менеджерлерін тартуға тиіспіз. Бақылау кеңесі мен кейінгі директорлар кеңесін үздік менеджерлері мен Қазақстан жұртшылығының өкілдері қамтитын болады. Бұл мүмкіндікті пайдала отырып, қазіргі бақылау кеңесі мүшелеріне, танымал елеміздің кәсіпкерлері мен ғалымдарына өз алғысымды білдіргім келеді. Олардың университеттің дамуына қосқан үлесі бәрімізге маңызды. Менің ойымша, біз осы бағытта жұмыс істейтін боламыз.
Биылғы жылы біз Алматыдағы бес жетекші ғылыми-зерттеу институттары мен клиникалық орталықтарын университеттің құрылымына бердік. Бұл тарихи оқиға. Бұл медициналық білім мен ғылымды дамытуда үлкен жетістік болып саналады. Ол клиникалар өз саласында жетекші және онда біздің еліміздің жоғарғы деңгейдегі дәрігерлері жұмыс істейді. Бүгінде біз осы медицинаның ғылыми жұмыскерлерін оқыту бағдарламаларына интеграциялау мүмкіндігіне ие болып отырмыз. Ол өз кезегінде болашақ дәрігерлердің онкология, хирургия, акушерлік, гинекология және басқа да салалардағы жетекші дәрігерлерден тікелей білім алуына септік етеді», – деді Елжан Біртанов.
Мнистр еліміздегі үлгілі және жетекшілік етіп келетін университеттерінің бірі – ҚазҰМУ-дың түлегі екенін ерекше мақтан тұтатынын сөз етті, сондай-ақ, конференция қатысушыларына сәттілік тіледі.
ҚазҰМУ биыл 88 жылдығын атап өтуде. «Университет күндері» аясында ғылыми-практикалық конференциялар мен мастер-класстар өткізіледі. Іс-шаралар ҚазҰМУ-да, сондай-ақ балалар жұқпалы аурулар ауруханасы, қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы және «Ақсай» университеттік клиникасы базасында өтеді.
ҚазҰМУ-дың Баспасөз қызметі